• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:19:25
Алматы
+35°

06 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар

Астанада – Ұлттық кеңес, Алматыда төрағалыққа талас...

Бапидың төрағалығы бар-жоғы төрт айға ғана созылды.

Алматыда басталып, тез аяқталған "Ақиқат" ЖСДП партиясының 15-съезінде осы уақытқа дейін төраға болып келген Ермұрат Бапи қызметінен кетті. Ермұрат Бапи көпшіліктің қалауымен партиядан шығарылды.

Сонымен Бапидың партияның төрағалығынан кетуіне не  себеп болды?

Біріншіден оған сенімсіздік білдірілді.

Екіншіден, оның бір топ белсенділермен Парижге барып келгені көп адамға ұнаған жоқ.

Үшіншіден, ол Парижде Әкежан Қажыгелдин, Бергей Рысқалимен партияның рұқсатынсыз кездескен.

Осы және тағы басқа себептерге байланысты Ермұрат Бапи төрағалықтан кетті.

Жалпы бүгінгі жиын барысында аңғарылғаны, партия ішінде алауыздықтың бары да байқалған. Бірқатар адамдар Ермұрат Бапиды қолдаған көрінеді.

«Азаттық» радиосы тілшісінің хабарлауынша, «Елдегі жалғыз оппозициялық партияны жерледіңіздер" деп Ермұрат Бапи отырыс бітпей жатып, залдан шығып кеткен.

Сонымен 26 сәуірден бері Ақиқат ЖСДП-ға басшы болған Ермұрат Бапидың төрағалығы бар-жоғы төрт айға ғана созылғанын айта кетейік.

Ал партияның жаңа төрағасы болған Асхат Рахымжанов бұған дейін партияның Нұр-Сұлтан қалалық бөлімшесіне жетекшілік еткен көрінеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір