• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:30:42
Алматы
+35°

Шетелдік сарапшы Головкиннің алдағы чемпиондық жекпе-жегінің маңызды тұсын атады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме  жасап.

Showtime телеарнасының редакторы Стефен Эспиноза тілшіге берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жегінің маңызын атады.

Боксшылар 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте орта салмақта IBF титулы сарапқа салынады.

"Головкин әлі де соққысы қуатты боксшы, бірақ, 37 жаста аяқтары қалай қимылдайды? Бұл үлкен мәселе. Бұрынғыдай жылдам ба? Роллспен жекпе-жек бұл сұрақтарға жауап бермеді. Деревянченко - басқа деңгейдегі қарсылас. Бұл жігіт элитаға жақын. Ол жылдам әрі шыдамды бола алады. Головкинде қиындықтар туу мүмкін. Осы жекпе-жектен кейін біз GGG жоғары деңгейде жұдырықтасуға дайын ба деген сауалға жауап аламыз деген ойдамын", - дейді Эспиноза.

Айта кетейік, боксшылар көзарбасу рәсімін өткізген болатын. Деревянченко баспасөз мәслихатында "Головкиннің дәуірі өтіп барады" деген еді, ал қазақстандық қарсыласының күштілігін мойындап, нағыз шоу боларына уәде берді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір