• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Қыркүйек, 18:01:43
"Шетелде оқу – өмірлік миссия мен қызметтік жолыңызды тануға көмектеседі..."

06 Қыркүйек, 2019 NEWS

Ермұрат Бапи ЖСДП төрағалығынан кетуіне байланысты жиын өткізді

Ермұрат Бапидің сөзінше, оның орнынан алынуы күтпеген жерден болған.

Бүгін, ертеңгісін "Ақиқат" ЖСДП партиясының 15-съезінде Ермұрат Бапи партия төрағалығынан аластатылғаны белгілі. Мәселеге байланысты журналист түстен кейін жиын өткізіп, оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ермұрат Бапидің сөзінше, оның орнынан алынуы күтпеген жерден болған. Тіпті кеше кешке партия мүшелері дастархан басында бас қосқан. Онда бұл жөнінде ешқандай әңгіме қозғалмаған.

Ермұрат Бапи партия төрағалығы үшін таласпайтынын, азаматтық көзқарасын өзі шығаратын "Дат" газеті арқылы білдіре беретінін мәлімдеді.

Жиынға қатысқан қоғамдық белсенді Уәлихан Қайсаровтың пікірінше, бұл президент әкімшілігінің әрекеті. Олардың мақсаты – партияны құрту, жою. Немесе мүдделес үшінші тарап араласып отырған болуы да ғажап емес. Оның артында олигархтар тұрса керек. Оның айтуынша, қалай болғанда да билікке партияның қызметін тоқтатқаны тиімді.

Жиын барысында Ермұрат Бапиді саяси күрес жолынан кетпеуін, бұл істі соңына дейін жеткізуін сұрағандар көп болды. Арасында сөз алған журналист Сейтқазы Матаев партия мүшелерінің бұл әрекетінің заңсыз екенін айтты.

Бұл оймен жиналған жұрттың көбі келісті. Жиында алда болатын парламент сайлауына дейін жаңа партия құру туралы ұсыныстар айтылды.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір