• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:42:48
Алматы
+35°

Көптеген адамдар Президент Жарлығы бойынша кредитті төлеу сұрақтарымен банк бөлімшесіне хабарласуда. Kaspi bank-тің баспасөз қызметі жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. 

– Менің тізімде бар екенімді қайдан білсем болады?

– Бұл ақпаратты ХҚКО мен egov.kz білуге болады.

– Егер мен тізімді болмасам не істеу керек?

– Тізімді Еңбек министрлігі дайындаған. Егер сізде тізім бойынша сұрақ болса, Еңбек министрлігі мен ХҚКО-на хабарласуды өтінеміз.

– Маған кредиттің жабылғаны туралы хабарлама келді. Менің қандай кредитім кешірілгені және неге сол мөлшердегі соманың кешірілгені және т.б қайдан біле аламын?

– Бөлімшеге барып немесе телефон арқылы білуге болады. Назар аударуды сұраймыз, мұндай өтініш уақыты шектеусіз. Бұл сұраққа жауапты өзіңізге ыңғайлы кез-келген уақытта ала-аласыз.

– Мен жабылған сомадан қалған қаражатты шешіп алғым келеді. Қайдан және қашан алсам болады?

– Егер ақша сіздің Kaspi Gold картаңызға аударылса, кез-келген банкоматтан комиссиясыз шешіп алсаңыз болады.

Егер сізде Kaspi Gold картасы жоқ болса, қаражатты Kaspi.kz-тің кез келген бөлімшесінен ала аласыз. Ақшаны өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта алуға болатынын назарға алуды сұраймыз. Біздің бөлімшелеріміз жұмыс күндері 9.00-20.00 аралығында, сенбі, жексенбі күндері 9.00-18.00 аралығында жұмыс істейді. Қаражат алу мерзімі шектеусіз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір