• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:31:26
Алматы
+35°

06 Қыркүйек, 2019 Дәстүр

"Хан алдында дат айтып..." Байбек билік партиясының айтысты не себепті қолдайтынын айтты

Байбектің сөзінше, "Нұр Отан" партиясы "жыршы-термешілерге, айтыс өнері мен ұлттық спорт түрлеріне ұдайы қамқорлық жасап келеді".

Қазақстандағы билік партиясы саналатын "Нұр Отан"  жыл соңына дейін елдің әр аймағында бес рет айтыс өткізбек деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram желісіндегі парақшасында жазды. 

Байбектің сөзінше, "Нұр Отан" партиясы "жыршы-термешілерге, айтыс өнері мен ұлттық спорт түрлеріне ұдайы қамқорлық жасап келеді".

"Елбасы негізін қалап, көшбасшылық жасап келе жатқан "Нұр Отан" партиясының доктринасында да қамтылған басты құндылықтарымыздың бірі – отбасы мен дәстүр. Онда «қазақ тілін, мәдениет пен дәстүрді дамыту біздің стратегиялық басымдығымыз» екендігі нақты көрсетілген. Осыны ескере отырып, "Нұр Отан" партиясы жыршы-термешілерге, айтыс өнері мен ұлттық спорт түрлеріне ұдайы қамқорлық жасап келеді", - деді Байбек.

 Сонымен қатар Байбек партияның айтысқа не себепті қолдау көрсетіп келе жатқанын айтты.

"Ежелден "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ" деп, хан алдында дат айтып, еркін ойға ерік берген, баршаға бірдей теңдік берген елміз. Сондықтан ұлтымыздың осындай озық өнерін, ізгі дәстүрлерін жалғастыру бізді кемелдендіре түседі. Осыған орай партия Төрағасының бастамасымен қайта жаңғыруға кірісіп, екінші тынысы ашылып отырған саяси ұйымымыз айтысқа айрықша назар аударып отыр. Осы мақсатта біз партия қолдауымен жыл бойы жер-жерде аламан айтыстар ұйымдастыруды қолға алдық. Биылдың өзінде жыл соңына дейін бес айтыс өткіземіз. Баршаңызды алда өтетін осынау арқалы ақындардың сөз сайысына келіп, өрелі өнерімізді тамашалауға шақырамын", - деді Байбек. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Айтыс сүйер қауымға жариялар сүйінші хабарымыз бар. Таяу күндерде «Nur Otan» партиясының қолдауымен Алтай мен Атырау, Алатау мен Арқа арасын дүбірлі думанға бөлейтін Айтыс аламаны басталады. Бұл айтыс десе арқасы қозып, рухы асқақтайтын қазақ үшін орны бөлек мереке. ⠀ Сондықтан да Тәуелсіздіктің алғашқы сәтінен-ақ Елбасы ұлтымыздың ұлы мұрасын, озық дәстүрлері мен мәдени қазынасын түгендеуге, оларды заманға сай түлетіп, жаңғыртуға ерекше ден қойды. Халық өнерінің өркендеуіне жағдай жасап, дарынды жандарға жол ашты. Елбасының тікелей бастамасымен іске асырылған «Мәдени мұра» жобасында, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында да ұлттық рухани мұрамызды, құнды жәдігерлерімізді, спорттық ойындарымыз бен өнер сайыстарын түгендеп, дамытуға ерекше мән берілген. Елбасы негізін қалап, көшбасшылық жасап келе жатқан «Nur Otan» партиясының доктринасында да қамтылған басты құндылықтарымыздың бірі – отбасы мен дәстүр. Онда «қазақ тілін, мәдениет пен дәстүрді дамыту біздің стратегиялық басымдығымыз» екендігі нақты көрсетілген. ⠀ Осыны ескере отырып, «Nur Otan» партиясы жыршы-термешілерге, айтыс өнері мен ұлттық спорт түрлеріне ұдайы қамқорлық жасап келеді. ⠀ Ежелден «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, хан алдында дат айтып, еркін ойға ерік берген, баршаға бірдей теңдік берген елміз. Сондықтан ұлтымыздың осындай озық өнерін, ізгі дәстүрлерін жалғастыру бізді кемелдендіре түседі. Осыған орай партия Төрағасының бастамасымен қайта жаңғыруға кірісіп, екінші тынысы ашылып отырған саяси ұйымымыз айтысқа айрықша назар аударып отыр. ⠀ Осы мақсатта біз партия қолдауымен жыл бойы жер-жерде аламан айтыстар ұйымдастыруды қолға алдық. Биылдың өзінде жыл соңына дейін бес айтыс өткіземіз. Баршаңызды алда өтетін осынау арқалы ақындардың сөз сайысына келіп, өрелі өнерімізді тамашалауға шақырамын.

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)

Биліктегі "Нұр Отан" партиясы 1999 жылы сол кезедегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Отан" деген атпен құрылды. 2006 жылдың желтоқсанынан басап "Отан" партиясы "Нұр Отан" деп аталды. Партияны құрылған күннен бастап Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеген Нұрсұлтан Назарбаев басқарады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір