• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:30:30
Алматы
+35°

Қоғам белсендісі, жеке кәсіпкер Марғұлан Сейсембай ЖСДП партиясы мен Ермұрат Бапи туралы пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жуырда ЖСДП-да айтулы өзгерістер болды. Мен бұл партияның мүшесі емеспін және өз басым Ермұрат Бапиды танымаймын. Алайда мендегі ақпараттарға сәйкес және Ермұрат Бапидың ұзақ жылдық қызметіне қарап, оны ерекше құрметтеймін әрі сенемін! Ол сөзімен де, ісімен де 20 жыл бойы өзінің шындық жағында екенін дәлелдеді. Бапи партияға жаңа, жас мүшелер мен көшбасшыларды тарту арқылы партияның имиджі мен жұмысын түбегейлі өзгерткісі келді.

Өкінішке қарай, билік тағы бір рет оппозиционерлерімізді жеңді.
Партия ішіндегі сатқындар парламент сайлауына қатысуға келіспегендер үшін бірден-бір заңды мүмкіндікті жерледі. Егер сайлауда оппозициялық партиялар болмаса, бақылаушылардың бар жұмысы өз мәнінен айырылады. Парламентке тек қана биліктің партиялары ғана өтеді. Ондай сайлаудың не керегі бар?
Ал содан кейін адамдар өздерінің келіспейтіндіктерін алаңға шығып айтады. Мұның бәрі көңілге қаяу түсіреді. Биліктің өзі жағдайды ушықтырып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір