• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:10:03
Алматы
+35°

09 Қыркүйек, 2019 NEWS

"Мерейлі отбасылар» марапатталды

"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы 2013 жылы бекітілген.

Отбасы күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен жыл сайынғы "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Шараға сондай-ақ ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.

"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы Елбасының бастамасымен 2013 жылы бекітілген. Конкурсты өткізудің мақсаты – отбасы институтын нығайту, отбасылық және рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау, ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың балалар тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, қарт ата-аналарға қамқорлық жасау.

Іс-шараны ашқан Б.Сапарбаев марапаттау рәсіміне қатысушыларға арналған Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың құттықтау сөзін оқып берді. "Бұл мемлекеттік іс-шара – Қазақстанның әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі. Елімізде жыл сайын халықтың өмір сүру жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды шешімдер қабылдануда. Осыған байланысты еліміздің мерекелер күнтізбесіне "Отбасы күні" мейрамы енгізілді. Сондай-ақ ырыс-берекесі мен ынтымағы жарасқан мәуелі әулеттерді насихаттайтын "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауын өткізу дәстүрге айналды. "Мерейлі отбасы" дәстүрлі ұлттық конкурсының жеңімпаздары отансүйгіштік, еңбекқорлық, мейірімділік сияқты үлгі тұтарлық өмірлік ұстанымдарды жан-жақты меңгергенін көрсетті", делінген құттықтауда.

Салтанатты іс-шарада Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев және Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Г.Әбдіқалықова 17 финалист-отбасыға дипломдар және тұрмыстық техника сатып алуға Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Елбасы Қорының атынан сертификаттар табыс етті.

Алты жылда конкурсқа 15 197 отбасы қатысты. Қатысушылардың жалпы санының 62% – ауылдық жерлерден отбасылар, 36% – көпбалалы отбасылар, 18% – жас отбасылар, 17% – еңбек әулеттерінің өкілдері. Қатысушылардың саны жылсайын өсуде. 2014 ж. конкурсқа 1 298 отбасы қатысса, биылғы жылы олардың саны 2,5 есе көп.

Жеңімпаз отбасы 30 тамыздан 6 қыркүйекке дейін өткізілген sms/интернет арқылы дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды. 2019 жылғы "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының лауреаты болып Атырау облысынан Тілекқабыловтар отбасы атанды.

Премьер-Министрдің орынбасары жеңімпаз отбасыға естелік мүсінше мен шағын автобустың кілтін тапсырды. Марапаттау рәсімі қазақстандық танымал эстрада әртістерінің  қатысуымен өткен мерекелік концертпен аяқталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір