• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:22:10
Алматы
+35°

09 Қыркүйек, 2019 Әлеумет

Бизнесмендердің де кредиті кешірілген. Неге?

5 қыркүйек күні мыңдаған қазақстандықтың 300 мың теңге сомасындағы несиесі кешірілді.

Банк алдындағы берешегі қысқарғандар арасында әлеуметтік хал-ахуалы төмен азаматтармен қатар кредитті өзі жабуға қауқарлы қалтасы қалың бизнесмендердің де болуы бұқараның біраз ашуын тудыруда.

Кредиті кешірілгендердің бірі "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев. Оның смартфон үшін алған 115 мың теңгесі жабылған. Алайда кәсіпкер бұл туралы ешкімнен сұрамағын айтуда. Мемлекет аударған 115 мың теңгені қайтарып бермек болған оған оның мүмкін еместігін айтқан. Кәсіпкер енді ол қаражатты қайырымдылыққа жұмсамақ ниетте. Олжас Ордабаевтың несиесі Kaspi банкінде болыпты.

Аталған қаржылық ұйым тұрғындардың қарыз жүктемесін жеңілдету шаралары маусым айында жарияланған тәртіпке сай жүргенін мәлім етті. Борышкердің берешегін өтеу үшін проблемалық несиелер қоры азаматтарға кредит берген әрбір банк пен шағын қаржы ұйымдарымен келісімге отырған. Яғни кредитті кешіру шаралары үкімет бекіткен жоспарға сай арнайы тәртіп бойынша жүзеге асқан.

Ескерте кетелік, банктік амнистияға енген азаматтар алты категория бойынша таңдалған:

- көпбалалы отбасылар (18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп баласы барлар);

- асыраушысынан айырылғаны үшін өтемақы алатындар;

- мүгедек балалары бар отбасылар, бала күннен мүгедектегі бар 18 жастан асқандар;

- мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар;                                                           

- жетім балалар;

- ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасынан кәмлетке дейін айырылған 29 жасқа дейінгі азаматтар;

Осы аталған санатқа енетін Қазақстан азаматтары әлеуметтік жағдайына қарамастан кредитті кешіру акциясына автоматты түрде қатысқан болып тұр. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары солардың бірі. 

Алайда ескере кетерлік жайт, жоғарыдағы категорияға кіретін тұрғалардың ішінде 1 маусымнан кейін несие алғандар, жалпы қарызы 3 млн. теңгеден асатындар, қарыздары коллекторлық ұйымдарға өтіп кеткендер несиелік амнистияға ілінбейді. Көптеген түсініспеушіліктер осы талаптарды білмегеннің салдарынан туып жатыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір