• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Қыркүйек, 11:20:01
Алматы облысындағы төтенше жағдай кезінде екі адам қаза тапты

09 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар

Қытайда қамауға алынған Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Тоқаевтан көмек сұрады (видео)

Қытайда ұсталған Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімова Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Әйел соңғы бірнеше жылда қызымен алғаш рет 3 қыркүйекте Гуанчжоуда кездескен деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтының дерегін негізге алып. Сот қызы мен анасына 15 минут сөйлесуге рұқсат берген.

Ақжарқын Тұрлыбай әлі күнге дейін есірткі тасымалына еш қатысы жоқ екенін айтады. Ол соңғы алты жыл уақытын Қытай түрмесінде өткізді. 2015 жылы маусымда қытайлық сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырған еді. Алайда 2016 жылы сот үкімінің күші жойылып, істі қайта қарауға жіберді. 

"Аса құрметті Президент мырза - Қасым-Жомарт Тоқаев! 2014 жылы наурыз айынан бастап менің қызым Ақжарқын Тұрлыбай Қытай елінде есірткі контрабандасымен тасымалдады деген күдікпен ұсталды. Бес жылдан аса уақыттан бері менің қызымның үстінен сот жүріп жатыр. Содан бері, өмір бойына бас бостандығынан айырылсын деген үкім шығарылды. Одан кейін оның күші жойылды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Менің қызымның тарапынан Қытай жағынан да Қазақстан жағынан да адвокаттар тегін қызмет көрсетіп жатыр. Оларға менің алғысым шексіз. 2015 жылы ЦАРИКЦ ұйымы менің қызымды, Ақжарқын Тұрлыбайды нигериялық есірткі мафияларының құрбаны болғаны туралы мәлімдеме жасады. Алайда Қазақстан ішкі істер министрлігі қажетті мәлімдеме бермей отыр. Соған қарай, бізге жұмыс істемей жатыр.

ҚР Конституциясының 11-бабы 2-бөлігі бойынша, еліміздің азаматтары шетелде болғанда олардың құқығы қорғалады делінген. Бұл сізге таныс жағдай деп білем. Сізден өтініп сұрарымыз, осы менің қызымның, ол жақтан шығуына көмек берсеңіз. Сізден жалынып сұранамыз. Мен, менің отбасым, әкесі, бауырлары сізден сұрайтынымыз - менің қызыма көмектесіңізші. Қызымның жазығы жоқ екені кешегі барған сотында дәлелдер келтірілді. Бірақ олар бізден сұраған қағазды бере алмағандықтан, ашық соттың шешімі шығарылған жоқ. Соған дейін, сіз бізге көмектессеңіз екен. Рақмет сізге!", -дейді Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір