• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 22:06:38
Алматы
+35°

09 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар

Ресейде 100 мың оқушы мектепке барудан бас тартты

Бұл балалар оқудың қадірін қаншалықты сезіне алады екен?

Биылғы оқу жылында  Ресейде 100 мың бала мектепке барудан бас тартты. Енді олар өзге оқушылар сияқты партаға отырмайды. Ресей билігі оларға неге мүмкіндік беріп отыр? Оның себебі неде? Шынымен де 100 бала мектепте бармай ма?

Анығына келсек, олай емес екен. Биылғы жылы көптеген ата-аналар балаларының мектепке баруын жөн деп таппаған. Олар баламалы оқу жүйесін таңдаған. Сөйтіп, өздерінің және ата-аналарының қалауы бойынша 100 мың оқушы мектепке бармай қалған. Ең бір қызығы, үйінде отырып, яғни қашықтықтан оқуды аңсағандардың саны биылғы оқу жылында осылай 100 мыңға жеткен.

Бір қызығы, жылдан жылға баламалы оқу жүйесін қалайтындардың саны артып барады. 2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін мектепке 14,491 миллион бала барған болса, оның 8,5 мың оқушысы отбасылық оқу жүйесін таңдаған. Ал биыл бұл көрсеткіш 100 мыңға жеткен екен. Мамандар бұл көрсеткіш алдағы уақытта ұлғая түседі дегенді айтып отыр.

Мәселе мынада: қашықтықтан білім алған балалар оқудың қадірін қаншалықты сезіне алады екен?!.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір