• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:02:30
Алматы
+35°

Несиесі өтелмегендерге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жауап берді, – деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Астаналық бірнеше көп балалы аналар кредиттің 300 теңгесін кешіру мәселесі бойынша арызданды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы мәселеге қатысты түсініктеме берді.  Вице-министрдің айтуынша, азаматтар құжаттарды жинастырып, тиісті мекемелерге ұсынса жыл соңына дейін тізімге енеді екен. 

"Халықтың бес санаты үшін қамтамасыз етілмеген қарыздар бойынша қарыздарды есептен шығару жөніндегі іс-шараның нақты аяқталу күні жоқ.  Сондықтан, егер адам өзінің мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынса, жыл соңына дейін ол тізімге енеді, ал мемлекет қарызын өтеу үшін 300 мың теңгеге дейін қаражат бөледі", - дейді Светлана Жақыпова. 

"Біріншіден, кредит коллекторлық компанияға өтіп кетсе, ол кісілердің борышы өтелмейді. Сосын бізге келіп жатқан аналардың ішінде кредитті 1 маусымнан кейін алғандар да бар. Ал жарлық шыққаннан кейін алынған кредиттер өтеуге жатпайды. Сондай-ақ көп азаматтардың неке қию туралы куәліктер базада тіркелмеген болып шығады. Сол себепті біз ондай азаматтарды әділет министрлігінің ақпараттық жүйесіне тіркеуге жібереміз. Олар АХАЖ бөлімдері арқылы өз мәліметтерін тіркейді. Екінші себеп, асыраушысынан айырылған азаматтардың мәліметтері болмай шығады. Оларды да әділет министрлігіне жіберіп отырамыз", – дейді Вице-министр Светлана Жақыпова елордада өткен баспасөз маслихатында. 

Сонымен қатар көпбалалы отбасылардың балалары ЖОО-да оқып жатқаны туралы мәліметтің болмауы да несиенің өтелмеуіне себеп болуы мүмкін. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір