• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:59:36
Алматы
+35°

09 Қыркүйек, 2019 NEWS

Несиесі кешірілгендер "қара тізімге" ене ме?

Бұл – мемлекеттік тұрғыда қабылданған бір реттік акция

Кепілсіз тұтынушылық несиесінің бір бөлігі кешірілгендер ешқандай "қара тізімге" алынбайды.  Кешіру акциясы уақытпен шектелмеген. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясын айтты.

"Кепілсіз тұтынушылық несиесінің бір бөлігі кешірілгендерге қатысты "қара тізім" жоқ. Бұл – мемлекеттік тұрғыда қабылданған бір реттік акция. Оның ешқандай негативті факторы жоқ. Сәйкесінше, несиесі кешірілген адамға да негативті әсері болмайды. Бүгін оның қарызының кешірілуі келешекте басқа  несие алуына ешқандай кедергі келтірмейді", – деді Ұлттық банк өкілі.

Есімжан Нақтыбай

inform.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір