• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:56:32
Алматы
+35°

09 Қыркүйек, 2019 NEWS

Хан апаның ғылыми мұрасын талқылады

Конференцияға еліміздің түкпір-түкпірінен келген ұстаздар қауымы қатысты.

Шығыс Қазақстан облысында "Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тұлғасы және педагог мәртебесі" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған 400-ге жуық делегат пен қонақ қатысып, пікір алмасты.

Конференция барысында оқу үдерісінде заманауи білім беру технологияларын жетілдіру, оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қасиеттерін дамыту, педагог мәртебесін көтеру сынды бірқатар мәселелер көтерілді. Сондай-ақ Қанипа Бітібаеваның еңбектері туралы кеңінен айтылды.

– Бұл конференциядан рухани азық алып қайтатындарыңызға сенеміз. Ұстаздардың ұстазы атанған Хан апамыздың құрметіне орай олимпиада, ғылыми жобалар байқауы өтеді. Биыл бесінші жыл қатарынан облыс әкімдігінің қолдауымен Қанипа Бітібаева атындағы олимпиада өтті. Онда дарынды оқушылар анықталып, марапатталды, – деді Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Қажымұқан Оспанғалиев.

Конференция барысында ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы Фаузия Оразбаева, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың профессоры Айжан Картаева, Нұр-Сұлтан қаласындағы №72 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар Әділбекова баяндама жасады.

– Қанипа Омарғалиқызы қазақ әдебиетін әлемге танытты. Талай білімді шәкіртті тәрбиелеп шығарды. Біз Қанипаның еңбектерін жоғары бағалаймыз. Оның ұстаз ретіндегі орны ерекше, – деді Фаузия Оразбаева.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір