• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Қыркүйек, 14:13:52
Алматы облысындағы төтенше жағдай кезінде екі адам қаза тапты

09 Қыркүйек, 2019 NEWS

Семейде "Рухани жаңғыру" жобасының менеджерлеріне арналған семинар өтті

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің жобалық кеңсесінде "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақала аясында сондай-ақ, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы биліктің жұмысын ұйымдастыру туралы семинар-практикум өтті. Семинарға бағдарламаны жетік білу және тәжірибе алмасу мақсатында  жақын өңірлерден жүздеген маман келді.

Ең алдымен қонақтар үшін университет қызметкерлері шағын экскурсия өткізіп, оларды оның  жобалық кеңсенің "деректерді визуализациялау студиясымен" таныстырды.

– Мұнда бейне немесе аудиоматериалдардың адам миына әсерін зерттеу үшін пайдаланылатын арнайы кешен жұмыс істейді.  Орнатылған датчиктер мен дыбыстық командалардың көмегімен оқушы материалды қалай меңгеретінін көруге болады.  Студент арнайы құрылғыны саусақтарға, жүрек аймағына, ұйқы артериясына және желкесіне  тағып,  нәтижесі шығарылатын болады. Бұл студенттің қандай да бір ақпаратты қаншалықты жақсы меңгергенін түсіну үшін жасалады, – деді жоғары деңгейдегі маман Александр Климук.

уква

Семинар екі бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімде қонақтарға "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласының негізгі ережелері мен міндеттері таныстырылып, "Рухани жаңғыру" аймақтық орталығының қызметі мен арнайы бағдарламаларды жүзеге асыру туралы толық түсінік берілді. Ал, екінші бөлімде семинарға қатысушылар бағдарламаны жүзеге асыру аясында іс-шаралар кестесін құрастырумен және жаңа жобаларды әзірлеумен айналысты.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір