• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:00:41
Алматы
+35°

Бұған дейін хабарланғандай, жаңа маршруттық желі 10 қыркүйектен бастап іске қосылады. Алайда ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Көлік бөлімінің өкілдері жаңа автобустар қала бойынша 7 қыркүйектен бастап қатынайтын болады деп хабарлады.

–  29 тамызда қалалық көлік маршруттарына қызмет көрсету бойынша жалпы конкурс өтті. Бір апта бойы байқаудың қорытындысы шығарылды. Бүгінгі күні келісімшарттар дайын. Біз жаңа маршруттық желі 10 қыркүйекте іске қосылады деп айттық. Қала басшылығымен ақылдасып, демалыс күндері барлық олқылықтарды реттеу үшін 7 қыркүйек күні іске қосуды дұрыс деп шештік, – дейді жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Серікқали Жұманов.

Қала бойынша барлығы 321 автобус жүретін 42 маршрут жұмыс істейді.
Маршруттарға үш тасымалдаушы қызмет көрсетеді: "Семей" автобус паркі, такси паркі және "Семей Bus" ЖШС.

Қазіргі 4, 5, 8 "Жасыл" автобустарға келетін болсақ, олар әдеттегі бағыт бойынша жұмысты жалғастырады.

– Бұл тасымалдаушылар конкурсқа 2018 жылы қатысты. Олармен шарт 10 жылға дейін жасалды. Яғни, 2028 жылға дейін олар бар бағыт бойынша қозғалыс жасайтын болады, – деді Жолаушылар көлігі бөлімінің сектор меңгерушісі Назым Жамболатова.

dh

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір