• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:00:20
Алматы
+35°

Елбасы-Тұңғыш Президенттің «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында атқа міну мәдениеті жайында кеңінен сөз қозғап, бұл үрдісті әлемдік өркениетке енгізудегі қазақ халқының тарихи рөліне айрықша тоқталғаны мәлім. Осы орайда, Жамбыл облысында жұмыс жасайтын «Әулие-Ата» кәсіпқой клубының жетістіктері ат спортында жамбылдықтардың алдына қара қалмайтынын айғақтайды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелді... Ат үстінде жүрген көшпенділер биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты...Бабаларымыз шапқан аттың үстінде садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі ыңғайлы әрі қуатты бола түсті. Масағына қауырсын тағылып, металмен ұшталған жебе берен сауытты тесіп өтетін жебебұзарға айналды» дейді Елбасы-Тұңғыш Президентінің мақаласында.

Расында қазақ халқының Тәуелсіздік жолындағы сан ғасырлық күрескерлік ғұмыры аттың үстінде өткені белгілі. Кейіннен көшпенді тұрмысты қолайлы көрген халық үшін де жылқы малының мініс көлік ретінде рөлі айрықша болды. Соның есебінен қазақ баласы аттың құлағында ойнап, көкпар, бәйге спорттарының бел ортасында жүріп есейді.

–Өткен жылы көкпарда өткен Азия чемпионатында, 2017 жылғы әлем чемпионатында еліміздің ұлттық құрамасының сапын толықтырған 4 әулиеаталық шабандоз жеңіс тұғырынан көрінді. Абзал Тұрлыбеков, Елдос Бадашев сынды жамбылдық спортшылар ат үстінде садақ ату спортынан Оңтүстік Кореяда өткен әлем чемпионатынан үздік шықты. Ендігі ойымыз жастар арасында көкпардан өтетін Азия чемпионатында, ересектер арасындағы әлем чемпионатында олжа салу. Осы жетістіктеріміздің өзі өңірдегі ұлттық ат спортының әлемдік аренада өзіндік мәртебелі орынға ие екендігін көрсетеді,–дейді «Әулие-Ата» кәсіпқой клубы» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Төлеген Жұматаев.

Сары құрлық пен әлем біріншілігінен бөлек «Әулие-Ата» кәсіпқой клубының» мүшелері ат спортының көкпар, теңге ілу, аударыспақ сынды түрлерінде кәсіби деңгейде меңгерген. Клуб жетекшісінің орынбасары мұны өңірдегі ат баптаушылар санының артқандығымен байланыстырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір