• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Қыркүйек, 04:27:55
Кекілбаевқа арналған кеш

08 Қыркүйек, 2019 Аймақтар

Жамбыл облысында 1991 жылдан бері 2000-ға жуық көше атауы өзгертілді

Ел Тәуелсіздігі жарияланғаннан бері Жамбыл облысы аумағында 146 елді мекеннің, 1924 көшенің, 172 нысаның атауы қайта жаңғыртылған. Ресми мәліметтер тек 1992 жылы облыс аумағында 131 ойконим орыс тілінде болғанын растайды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Тек өткен жылдың өзінде Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясында елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерінің атауын өзгерту туралы 291 ұсыныс қаралған екен. Оның ішінде 1 ұсыныс ауылдық округтің атауын қайта атауға қатысты болса 4 ұсыныста елді мекен атауын өзгерту жайы айтылған. Нәтижесінде облыс әкімдігінің қаулысы және облыстық мәслихат шешімімен 1шағын аудан, 25 көше мен қайта атауды қажет еткен 200 көшенің атауы өзгертілген.

Ал 2018 жылдың 9 тамызында республикалық ономастикалық комиссияның оң қорытындысы негізінде Жамбыл облыстық филармониясына Кенен Әзірбаевтың, Тараз қалалық мәдениет үйіне Ықылас Дүкенұлының, Тараз қаласындағы №10 мектепке Сағадат Нұрмағанбетовтің есімін беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы шықты.

–Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан облыс жалпы республиканың өміріндегі түрлі салаларға тыңнан түрен салған түрлі жаңалықтар орын алды. Әсіресе елдің рухани өмірі кемелдене түсті. Бұрын қылышынан қан тамған кеңестіктік жүйенің тұлғаларына, партия белсенділеріне беріліп кеткен елді мекендердің, көшелердің мекемелердің аттары қазақшаланды. Құр қазақшаланып қана қойған қазақ халқының отарлаушы империя басып-жаншып өшірмекші болған санасына сіңген тарихи атаулар, тарихи тұлғалардың аты қайта оралды. Бір ғана Жамбыл облысында бұл бағытта көптеген шаруа атқарылғаны мәлім. Мәселен Жамбыл атанған облыс орталығы Тараз деп аталатын тарихи атауына қол жеткізді. Қаладағы көше атауларына Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің аттары берілді. Ауылдар мен елді мекендерге, көшелерге топонимикалық атаулары қайта оралып, тұтас халықтың рухани игіліне айналды. Әрі бұл жұмыстар Елбасы-Тұңғыш Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен де үндеседі ,– дейді филолог-ғалым З.Құламанова.

Айта кету керек елімізде 2013 жылы «Ономастика туралы» Заң қабылданып онда топономикалық атаулардың берудің барлық заңдылықтары анық жазылды. Сондай-ақ елді мекендерді, көшелерді тарихи тұлғалардың атымен атау, тарихи атауын қайтарудың да талаптары көрсетілді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір