• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:23:38
+35°

Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы үйірме балаларды құрақ көрпе тігуге баулуда. «Айналайын» деп аталатын өнер орталығында бүгінде 200-ден астам бала хореография, ағылшын тілі, еріктілер клубы, театр, қоршаған орта, кестелеу, дизайн, балалар кітапханасы,фотоклуб бағытындағы жұмыс жасайтын үйірмелерге белсене тартылған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында қазақ халқының ертеден өркениеттің озық үлгісімен етене таныс болғандығы айтылады. Әрі оны көшпенділер өмірінде оңтайлы пайдаланудың әдісін жетілдірген де қазақтар екені әмбеге аян. Бір ғана киіз басу, киіз үй тігу көшпенділер өмірінің ажырамас бөлігі саналады. Әрі бұл әдіспен тігілген үйлердің түрлі техногендік апаттарға төзімді екенін де уақыт өте дәлелденді. Сондықтан да осы бір игі дәстүрді ұрпақ санасында жаңғыртудың берері мол болмақ. Бұл жұмысқа 2004 жылы Жамбыл облысының Жамбыл ауданында Айгүл Разақованың бастамасымен құрылған «Айналайын» балалар мен жасөспірімдер орталығы ауқымды жұмыс атқарып келеді. Қазір бұл орталықта балардың қарым-қабілетіне қарай 9 түрлі үйірме жұмыс жасауда. Жаз айларында орталық жанына шағын лагерь құрылады. Орталық та киіз үй жасау, қыз жасауын әзірлеу, балаларға арналған ұлттық нақыштағы әшекейлерді тігіледі. Міне осы жұмысқа белсене ат салысатын жамбылдық өрендер көрпе-жастықтар, ыдыстар мен дорбалар,қоржындарды өз қолымен әзірлейді. Орталық жетекшісі Айгүл Разақова бұл бастаманың балалардың ұлттық құндылықтарды танып білудегі рөлінің ерекше екенін айтады.

–Ұлттық нақыштағы көрпе-жастықтарды, кәдесыйларды тігу жұмыстарына қатысу балалардың қолөнерге құштарлығын арттырады. Одан соң осы технологиялар арқылы олар ата-бабамыздың сан ғасыр тұрмыс-тіршілігімен етене танысып, салт-дәстүр, әдеп-ғұрыпқа жақын болады. Орталықта балалардың қолымен әзірленген бұйымдар шетелдік туристер мен жергілікті тұрғындар арасында сұранысқа ие. Бұйымдарды сатудан түскен пайда қайырымдылық акциялар мен ақысыз үйірмелерді ұйымдастыруға жұмсалады. Қазірдің өзінде біздің балалардың қолынан шыққан бұйымдар өңірдегі қымызханалардың ажарын ашып тұр,–дейді А.Разақова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір