• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Қыркүйек, 14:15:03
Алматы облысындағы төтенше жағдай кезінде екі адам қаза тапты

08 Қыркүйек, 2019 Аймақтар

Облыстың 80 жылдығына орай 80 шақырымдық марафон

Ағымдағы жылы құрылғанына 80 жыл болатын Жамбыл облысының мерейтойына түрлі тартулар жасалуда. Өңірдің құрылған күніне орай есте қаларлық тарту жасаушылардың қатарында қарапайым облыс тұрғындары да бар.Тараз қаласының тұрғыны Жақсылық Мамырбекұлы облыс мерейтойына орай 80 шақырымдық марафонмен жүгіріп өтуге ниет танытып отыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мерейтой құрметіне арналған марафонды Жақсылық Мамырбекұлы өзі туып өскен Талас ауданындағы Тамды ауылынан бастауды жөн деп тапқан. Осылайша мерейтой қарсаңында марафоншы Тамдыдан Таразға дейінгі жолды жаяу жүгіріп өтпек. Марафоншының айтуынша оның бұл бастамасына облыс әкіміндігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдау білдірмек.

Айта кету керек Жақсылық Мамырбекұлының бұған дейін ел өміріндегі айтулы даталарға орай марафон жүгірісіна қатысып келеді. 65 жастағы марафоншы Нұр-Сұлтан қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде марафонға 4 немересімен қатысып өзгеге үлгі боларлық іс жасаған еді.

–Мен мұндай марафондарға тұрақты қатысып тұрамын. Алматы қаласында өткен 7 марафонда жарыс жолынан табылдым. Оның үшеуінде немерелеріммен бірге жүгірдім. Жалпы жаяу жүрудің, жүгірудің адам денсаулығына пайдасы ұшан теңіз. Мен зейнеткерлікке шыққалы жүгірумен шұғылданып келемін. Алғашында 10-15 шақырымды жүгіріп өтетінмін. Қазір 25 шақырымға дейін жүгіре аламын,– дейді зейнет жасындағы марафоншы.

Жалпы облыстағы елеулі оқиғалар қарсаңында жеке адамдардың бастамасымен марафондар ұйымдастыру бұрыннан тәжірибеде бар. Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойында Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының тұрғыны Тұрар Мысықбаевтың кеншілер қаласымен Тараз қаласындағы 170 шақырым жолды жүгіріп өткені әлі есте. Өз кезегінде сарысулық тіс дәрігерінің бұл бастамасын көпшілік салауатты өмір салтын насихаттаудың озық үлгісі ретінде қабылдаған. Сол секілді облыстың 80 жылдық мерейтойында 80 шақырым жолды жүгіріп өтуді жөн көрген Жақсылық Мамырбекұлының әрекеті де жас ұрпаққа санасына спорттың денсаулыққа пайдалы екендігін сіңірудегі нәтижелі қадамға айналары даусыз.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір