• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:39:16
Алматы
+35°

Жамбыл облысында Елбасы-Тұңғыш Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған «Қазақстанның қасиетті жерлері картасы» жобасын насихаттау жұмыстар кең көлемде қолға алынған. Өңірде бағдарламаның «Қасиетті Қазақстан» базалық бағытымен танысуға мүмкіндік беретін qasiettitaraz.kz веб-порталы іске қосылған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қолға алынған «Қазақстанның қасиетті жерлері картасы» жобасына Жамбыл облысынан 8 тарихи-мәдени, археологиялық ескерткіш енгізілген. Ендігі кезекте жамбылдықтар мен өңір тұрғындар аталған орындардың тарихы жайындағы деректермен онлайн режимде танысу мүмкіндігіне ие. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев өңірдегі қасиетті орындардың онлайн платформасын жасау бастамасының халыққа берері көп екендігін тілге тиек етеді.

–Бұндай бастамалардың халыққа берері мол. Бұрын-соңды өңірдің қасиетті жерлері қамтылған 3D форматтағы онлайн карта сайты болмаған. Сондықтан бұл жаңа дүниені жасап шығу үлкен еңбекті қажет етті,–деді басқарма басшысы.

Ал бұл жобаны іске асырып, туған өлке тарихын танудағы баламасы жоқ сайтты құрастырған бағдарламашы Айбар Қасеналин онлайн платформа жұмысының сан алуандығына баса назар аударды.

–Қазір әлеуметтік желі қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Әлдебір ақпаратты алуда желі қолданушылары міндетті түрде ең әуелі сайттардың көмегіне жүгінеді. Сондықтан біз өз сайтымыздың контентін әлеуметтік желіге де ыңғайлап жасадық. Әрине жұмыстың бағасын сайт қолданушылары бере жатар,–деді А.Қасеналин.

Сайт жасауда бағдарламашылар сегіз ай бойы өңірдегі қасиетті жерлерге жүргізілген экспедиция жұмысының нәтижелерін басшылыққа алған. Соның нәтижесінде сайтқа кірген сайт пайдаланушысы Жамбыл облысындағы «Қазақстанның қасиетті жерлері картасы» жобасына енгізілген ескерткіштер жайындағы деректермен танысып қана қоймайды. Аталған нысандардың фотосуреттерін түрлі ракурстан 3Д форматында тамашалап, онлайн саяхаттай алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір