• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
17 Қыркүйек, 08:24:56
Қазақстанда мәселе шешілу үшін алдымен адам өлу керек

08 Қыркүйек, 2019 Аймақтар

Шоқай датқа қазақтың шоқтығы биік тұлғасы

Қазақ даласында алмағайып заманда халыққа әділетті билік жүргізіп, ханға мен қараға да қасық қаны тамғанша қызмет еткен датқалардың үлкен шоғыры бар. Сол шоғырқа жататын атақты Шоқай датқаның құрметіне бүгінгі Сарысу ауданы, Саудакент ауылында орналасқан кесененің де киелілігі мен қасиеттілігіне халық әлі күнге сеніп, бас иеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жамбыл облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне және 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген кесене ХІХ ғасырда тұрғызылған. Ал 1946 жылдан бастап мұнда қайта қалпына келтіру жұмыстарына қоса ғылыми зерттеу де жүргізіліп келеді. Ал 1990-жылдары Шоқай датқа кесенесі қабырғасының құлаған, мүжілген тұстары қайта қалпына келтірілді. Жалпы нысан күйдірілген кесектен өрілген. Жалпы аумағы 7,4х8,1 метр болады. Нысанның сыртқы әрленуі өте қарапайым. Ғимараттың оңтүстік-шығыс қабырғасында арнайы есік қойылған жер асты қабірі анықталды. Саудакент жерінде ХІХ ғасырда өмір сүрген Шоқай Датқа Қарабекұлы танымал тарихи тұлға. Датқа ретінде Шоқай әділдігімен, шешендігімен танылған. Соның арқасында қаршадайынанел басқару ісіне араласқан. Сондай-ақ оның дипломатиялық қыры да танымал.Әсіресе Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймағын өз ықпалында ұстаған Қоқан хандығының Омар, Құдияр сынды билеушілерімен байланыс орнатқан.Соның есебінен Қоқан билеушілері Шоқайға хан сарайының лауазымды қызметі «датқа» атағын береді. Соған қарамастан Шоқай датқа Қарабекұлы ханның ығына жығылмай ханға да қараға да әділ қызмет жасады. Өз заманының беделді тұлғалар Сапақ датқа, Бөлтірік шешен, Байзақ датқа, Жәкел датқа, Майкөт ақын, сынды азаматтармен тығыз қарым–қатынаста болған. Қоқан хандығының қызметінде жүрсе де мүмкіндігінше қазақ халқының тәуелсіздік алып, дербес мемлекет ретінде танылуына күш салды. Шалғайда жатқан патшалық орыс империясымен де экономикалық, әскери стратегиялық байланысты жолға білді. Дәл осы әрекет Қоқан хандығына ұнай қоймайды. Хандыққа жасаған кезекті бір сапарында датқаның үзгеңгісіне у жағып жібереді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір