• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:07:10
+35°

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына негізделген ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Жамбыл облысының мемлекеттік билік органдарының басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен өткен семинар «Library-practicum» үлгісінде өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы аясында ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты – семинар қатысушыларына жергілікті қауымдастықтардың өзекті мәселелерін шешу үшін Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының идеяларын қолдануда практикалық дағдыларды меңгеруге көмектесу.

Ғылыми-әдістемелік семинарды ашқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов былай деп атап өтті:

- Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларындағы бағыттарды одан әрі жүзеге асырудың маңыздылығы өте жоғары. Осыған байланысты, бүгінгі ғылыми-практикалық семинар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша «Library-practicum» форматында өткізілмек. Аталған семинар – мемлекеттік қызметкерлердің арасында сұранысқа ие болып, қалыптасып келе жатқан жаңа жоба. Себебі, оның мән-мағынасы тікелей өңірдің дамуына қатысты.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Сабыр Түменбаев өз сөзінде Елбасы кітапханасы жобасының ел азаматтарының игілігіне қажет бірқатар іс-шараларды өткізіп келе жатқанын белгіледі. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізінде өтетін семинар арқылы жергілікті мемлекеттік қызметкерлер дағдыларды үйренуге мүмкіндік алады.

Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғазиз Телебаев Тұңғыш Президент мақаласында баяндалған идеяларды пайдалана отырып, теориялық түрде қатысушылар белгілеген мәселелерге жауап табуға тырысады, оларды шешудің нұсқаларын ұсынды.

– «Library-practicum» үлгісі кітапхана тәжірибелерімен бөлісуге негізделеді. Оның аясында біз қатысушыларға мемлекеттік құжаттармен жұмыс істеуді, олардың негізінде жергілікті облыстың қандай да бір мәселелерін шешу жолдарын үйретуді көБүгін біз мемлекеттік қызметкерлермен бірге «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көтерілетін тақырыптарды талқылап, оларды жетік білудің, тиімді қолданудың берер мүмкіндіктерін ортаға салдық. Тыңдаушылар тарапынан жақсы ойлар мен орынды пікірлер айтылды, – деді Ғазиз Телебаев.

2017 жылғы қарашадан бастау алған көрме жобасымен Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының 900 мыңға жуық тұрғыны танысып үлгерді.

Ірі ғылыми-білім беру, мәдени-ағартушылық іс-шаралардан құралған жоба шалғай аудандарда арнайы ұйымдастырылатын көшпелі экскурсияларды да қамтиды. Жобаның басты маржаны тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы Елбасының шешуші рөлін жүйелі баяндайтын қор көрмесі болып отыр. «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі Жамбыл облысында 2019 жылғы қазан айының соңына дейін жалғасады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір