• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:40:05
Алматы
+35°

Жамбыл облысында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2019 жылға барлығы 11,6 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 7,4 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 4,2 млрд.теңге бөлінді.

2019 жылдың 1 қыркүйегіне жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 22906 адам тартылды, соның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына - 8842 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 3081 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 1440 адам, жастар практикасына 2108 түлек жолданып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 4609 жұмыссыз тартылды, 1208 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқыса, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 575 адам оқуға жолданды, 597 адам шағын несие, 446 адам грант алды.

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» атты Бағдарламаның 1-ші бағыты аясында 2019 жылы барлығы 3883 адамды оқытуға 1655,5 млн.теңге бөлінді.

Соның ішінде 770 адамды кәсіптік даярлауға 1108,7 млн.теңге (өткен 2017-2018 жылдардан оқуын жалғастырушыларды қоса есептегенде) қаралды. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен 770 адам оқуға жолданады.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында 3113 адамды оқыту үшін 546,8 млн.теңге қаралды. Өңірлік комиссия шешімімен Тізілімге енген білім ұйымдары кесіндісінде қысқа мерзімді кәсіптік оқу өтетін мамандықтар бойынша орындар бөлінді, оқыту құны белгіленді. Оқыту 38 мамандық бойынша 37 білім ұйымдарында (11 колледж, 24 оқыту орталықтарында және 2 ЖОО) өтеді. 1-ші қыркүйекке қысқа мерзімдік оқытуға 3081 адам жолданды. Оқуды бітірген 1755 адамның 464-і (26,4%) жұмысқа орналасты. Жыл соңына дейін оқуын аяқтағандардың кемінде 60%-ын жұмысқа орналастыру межеленген.

Бағдарламаның 2-ші бағыты аясында барлығы 5284 адамды қамтуға (шағын несиеге – 1301 адам, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 1200 адам, грантқа – 1783 адам, "жас кәсіпкер" бойынша -1000 адам) 7372,7млн.теңге қаржы бөлінді (шағын несиеге – 6147,6 млн.теңге, несиені кепілдендіруге – 303,9 млн.теңге, субсидиялауға – 31,7 млн.теңге, грантқа – 889,5 млн.теңге).

Бұл бағыт аясында азаматтар алдымен кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Биыл «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша барлығы 1200 адамды кәсіпкерлікке оқыту жоспарланып, жыл басынан 1208 адам оқуға жолданып, 1054 адам оқуын аяқтап, оның ішінде 137-і шағын несие алса, 75 адам қайтарымсыз грант алды. Бұдан бөлек «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 575 адам оқуға жолданып, 266-ы оқуды аяқтап, 98-і қайтарымсыз грант алды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір