• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:09:08
Алматы
+12°

Ингушетия парламентінің депутаттары республиканың басшысы қызметіне ұсынылған Махмуд-Әлі Калиматовтың  кандидатурасын мақұлдады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ескерте кетейік, маусым айының басында Ресей президенті Владимир Путин бұрынғы президент Юнус-Бек Евкуровтың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойған болатын.    

Ал жаңадан сайланған Махмуд-Әлі Калиматов бұған дейін Самара облысындағы Ресей табиғи ресурстарды бақылау басқармасының төрағасы болып қызмет істеген. Оған дейін әр жылдарда Самара облысында және Самара облысы губернаторының кеңесшісі және Ингушетия Республикасында прокурор болып қызмет істеді.

Ал оның өмірбаянына келер болсақ, Махмуд-Әлі Калиматов Алматы облысы Қаскелең ауданындағы  Шамалған ауылында туған. Әйелі, екі баласы бар.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір