• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Қыркүйек, 11:22:14
Алматы облысындағы төтенше жағдай кезінде екі адам қаза тапты

08 Қыркүйек, 2019 Аймақтар

Жаңатас қаласының 50 жылдығына орай футболдан турнир өтті

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының орталық стадионында Президенттің Жолдауында айтылған спорт саласын қолдау, Жамбыл облысының 80 жəне Жаңатас қаласының 50 жылдық мерекесіне орай, "Жастар жылы" аясында футболдан аудандық жарыс өтті.

Аудан əкімі Қанатбек Мəдібек бастап салауатты өмір салтын ұстануды қоштаған спорт жəне дене шынықтыру бөлімінің басшысы Саят Бегалиевтің ұйымдастыруымен ауданда күнделікті спорттық шаралар жалғасын табуда.

Жарыс салтанатты түрде ашылған соң мекеме-кәсіпорын жалпы 12 команда арасында өтіп жатқан, футболдың аудандық турнирінде спорт жəне денешынықтыру бөлімінің басшысы Саят Бегалиев сөз алды. Өз сөзінде бөлім басшысы:

– Құрметті жарысқа қатысушы командалар!

Құрметті спорт сүйер қауым!

Биыл, аудан орталығы – Жаңатас қаласының құрылғанына 50 жыл толған мерейлі жыл.

«Елу жылда ел жаңа» демекші, қаламыз көз алдарыңызда жаңарып, түрленіп келеді. Жаңа стритваркаут, волейбол, баскетбол сияқты спорт алаңшалар ашылып, саябақтар жөнделіп, түрлі скверлер мен ойын алаңдары бой көтеруде.

Мереке құрметіне орай, жыл басынан түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар, байқаулар мен спорттық додалар өткізіліп келеді.

Тек дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті бола алатынын ескеріп, бүгін қаламыздың жарты ғасырлық мерейлі мерекесіне арнап футболдан аудандық турнир өткізілуде.

Баршаңызға, осынау байрақты бәсекеге қош келдіңіздер демекпін!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды» – деген болатын. Алдағы уақытта бұл бағытта жұмыстар жалғасын табады.

Спорт - елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Сондықтан да, бұл ойында тек футбол ойнап қана қоймай, дене тәрбиесімен шұғылдану арқылы салауатты өмір салтын, бұқаралық спортты насихаттауға үлес қосатын боламыз, – деген С. Бегалиев қатысушыларға сəттілік тіледі.

Турнир аясында командарлар теңбіл доп тебуден шеберліктерін барынша көрсетіп, жүлделі орындарды өзара сарапқа салды. Жарыс соңында жеңімпаздар мен қатысушы командалар дипломдпрмен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір