• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:42:42
Алматы
+35°

Елімізде биылғы күзгі әскерге шақыру науқаны «Ел Тірегі – 2019» республикалық акция шеңберінде өткізілмекші. Міне осы акция шеңберінде Жамбыл облысы Әкімінің бірінші орынбасары – облыстық әскерге шақыру комиссия төрағасы Бекболат Орынбековтың басшылығымен, Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде азаматтарды 2019 жылғы көктемгі мерзімді әскерге шақыруды қорытындылай отырып, күзгі әскерге шақыруға тапсырмалар қою бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабағы өтті.

Жиынға Тараз қаласы және аудан әкімдерінің орынбасарлары, қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары төрағаларының, құқық қорғау органдары басшыларының, әскерлер мен ведомстволардың өкілдерінің, Облыстық қорғаныс істері жөніндегі қала басқармасы мен аудан бөлімдері бастықтарының, әскери қызметшілерді қабылдау және әскерге шақыру бөлім мен бөлімше бастықтарының, денсаулық сақтау бөлім басшыларының орынбасарлары-медициналық комиссия төрағалары қатысты. Нұсқаулық-әдістемелік сабақтар барысында облыстық жергілікті әскери басқару органдары басшыларының дайындықтары туралы баяндамалары тыңдалды және олар өз есептерінде алдыңғы әскерге шақыру науқанында орын алған мәселелі сұрақтарды қамтыды.

Жамбыл облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Е. Жабықбаев азаматтарды көктемгі мерзімді әскерге шақыру қорытындысы барысында жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген Байзақ, Т. Рысқұлов, Қордай, Меркі, Шу, Жамбыл және Мойынқұм аудандарын атап өтті. Сол сияқты әскерге шақыруға дайындық барысында Жамбыл облысының мемлекеттік мекемелерімен, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру іс-шараларының жоспары құрылып, бекітілгендігін, әскерге шақырылатын азаматтардың денсаулық, отбасы жағдайы, білім деңгейі туралы мәліметтер сарапталатындығын айтты.

Жалпы, Жамбыл облысынан 2019 жылдың күзінде кейінгі қалдырылуға, немесе босатылуға жатпайтын мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы шамамен бір жарым мың азамат шақырылады. Заңға сай мерзімді әскери қызметтен денсаулық, отбасылық жағдайына, оқуды жалғастыруға дәлелді себептер бойынша босатылады. Соңғы аталғандарға ауылдық жердегі мұғалімдер, дәрігерлер кіреді.

Сабақты қорытындылай келе, облыстық әскерге шақыру комиссиясы төрағасы Бекболат Орынбеков жиынға қатысушыларға сәттілік тілеп, әскерге шақыру кезеңінде қатыстырылатын лауазымды адамдарға жеке жауапкершіліктері туралы жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір