• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:07:36
Алматы
+35°

Жамбыл облысының Полиция департаменті террористік тұрғыдан осал нысандарға қатысты үнемі тексеру жұмыстарын жүзеге асыруда. Сонымен қатар, экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері тұрақты негізде осы нысандардың қызметкерлерін тұрғын-жайларды қарау техникасына оқытып, жарылыс құрылғыларын қалдырып кету мүмкін болатын орындарды анықтау бойынша алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруда.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» № 416-І Заңының талаптарын сақтау мақсатында террористік тұрғыдан осал нысандардың басшылары бизнес өкілдерін шақыра отырып брифингтер өткізуде. Бұл шаралар террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін арнайы және құқық қорғау органдарының жұмысына қоғамның және бизнес-қауымдастықтың оң көзқарастарын, сондай-ақ объект басшыларының (орта және ірі бизнес) әр түрлі меншік формаларындағы объектілердің қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған.

Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстан Республикасының «Әкімшілі құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 149-бабы бойынша, яғни террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау бойынша әкімшілік жауапкершілікке 20 нысан басшысы тартылып, оларға қатысты 1,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі №416-I Заңына сәйкес Террористік тұрғыдан осал объектілер – аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілер және стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері, қауіпті өндірістік объектілер, адамдар көп жиналатын объектілер және олардың тізбесін және оларға қойылатын тиісті талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Аталған заңға сәйкес, адамдар көп жиналатын объектілер – сауда алаңы 500 және одан да көп шаршы метр болатын сауда объектілері, 100 және одан да көп отыратын орны бар қоғамдық тамақтану объектілері; көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған, бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар, өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, концерт залдары, спорт, ойын-сауық, көлік және өзге де көпшілік ғимараттары, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, туристерді орналастыру орындары болып табылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір