• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:01:51
Алматы
+35°

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Жамбыл облысының 1 200 кәсіпкері несие алды. Жалпы, аймаққа тиесілі бюджет 1,6 млрд теңгеге тең.

Президент өзінің Жолдауында жаңа бағдарламаға келесі үш жыл ішінде қосымша 250 млрд теңге бөлінетінін атады. Президенттің тапсырмасы бойынша, бизнесті қолдау үшін Ұлттық қордан 100 млрд теңге бөлінеді, бұл қаражат бәсекеге қабілетті және инновациялық жаңа кәсіпорындар құруға, жаппай кәсіпкерлікті қолдауға бағытталмақ.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында «Атамекен» ҰКП «Бастау» және «Жас кәсіпкер» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бағдарламаларын ауылды жерлерде жүргізеді. Жоба шеңберінде, облыстық кәсіпкерлер Палатасы өңірдің барлық аудандарында оқыту жүргізіп, жұмыссыз жүрген 2200 адамды қамтыды. Асқар Исабекұлы, өзіңіз атап өткендей, әр ауыл-аймақта ірі-ірі кәсіпорындар тұрғызу мүмкін емес, дегенмен, қосалқы шаруашылықтарды қолға алу арқылы шағын бизнесті дамытудың мүмкіндігі мол.

Жамбыл облысында бар 74 экспорттаушы компания шамамен 10 млрд теңге көлемінде сыртқа өнім өткізеді. Кәсіпкерлер палатасы бизнеспен тікелей байлшаныст болғандықтан, экспорттаушы компаниялардың бірқатары қосымша құн салығын (ндс) қайтаруда бірқатар кедергілерге тап болатындарынан хабардармыз. Кәсіпкерлердің шымбайына батқан бұл мәселеге Президент Жолдауында нүкте қойды. Үкіметке - индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салықтық, қаржылық, әкімшілік ынталандыруды, бизнесті қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

Облыста сондай-ақ, бизнесті жөн-жосықсыз тексеру жиілігі жыл сайын азаюда. Оның тағы бір дәлелі Президент микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық мораторий жариялауы, ол 2020 жылдың қаңтарында күшіне енеді.

Бүгінгі таңда облыста шагын бизнес субъектілерінің саны 69 мыңнан астам. Кәсіпкерлер үш жылға салық төлеуден босатылады, бұл бизнестің қолда бар кредиттік жүктемесін төмендетуге, айналым қаражатын тиімді пайдалануға, жұмысшылардың жалақысын арттыруға, қосымша жұмыс орындарын құруға, кәсіпорындарды жаңғыртуға нақты мүмкіндік береді.

Жалпы, Жамбылда кәсіпкерлердің жалпы санының 99%-ы шағын бинеске тиесілі, бұл ретте олардан бюджетке түсер салықтың үлесі 28%.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір