• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:58:57
Алматы
+35°

Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасына жамбылдық өнерпаздар да өз үлестерін қосып жүр. Жамбылдан шыққан өнерлі өрендер Біріккен Араб Әмірліктері, Македония, Түркия мемлекеттерінде республика мен өңір атын әйгілеп жүр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасында Елбасы Қазақстанның ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар мемлекет ретінде қалыптасуы үшін «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асырудың мән-мазмұнына айрықша тоқталғаны мәлім. Әлем елдері осы жоба толығымен іске асырылғанда ғана Қазақстанның мәдени жетістіктеріне басын иеді. Міне аталған жоба қолға алынған аз уақыт ішінде әлем сахнасында қазақ өнерпаздары жарқырай шықты. Олардың қатарында жамбылдықтар да аз емес.

–Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының «Балауса» циркінің артистері Ильяс Рахманқұлов пен Талап Таубеков Біріккен Араб Әмірліктерінің Доха қаласында жалауынкерген «MAGIC FESTIVAL–2018» фестивалінде жүлдегерлер қатарынан табылды. Ал Македонияның Велес қласынды ұйымдастырылған «Стоби–2018» халықаралық театралдық драма фестивалінде облыстық драма театрының актері Бекназар Ізбасаров «Ең үздік ер адам рөлі» аталымын иеленді. Мұнан бөлек бөлек Шу ауданының «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі Түркиядағы «Анадолу»байқауына қатысып,өз өнерлерін көрсетті,–дейді облыс әкімдігінің мәдениет және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев.

Қазақ өнерін, жергілікті мәдениеттің озық үлгісін әлемге танытып жүрген жамбылдықәртіс Бекназар Ізбасаровтың театр сахнасында жүргеніне 30 жылғ жуықтады. Өнер жолын жасөспірімдер театрының сахнасынан бастаға ол кейіннен театрсүйер көрерменге Бауыржан Момышұлының, Шыңғысханның образдары арқылы танымал болды. Ертегілердің басты кейіпкерлерін сомдау арқылы да Бекназар театрдың жас көрермендерінің көзайымына айналды. Ал Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының «Балауса» циркінің артистері Ильяс Рахманқұлов пен Талап Таубековтің есімі облыс ерекше өнер иелері ретінде танымал.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір