• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:59:04
Алматы
+35°

Жамбыл облысының Жуалы ауданында экотуристерге қызмет көрсету, олардың алаңсыз демалысын ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Шараны ұйымдастыруға «Қазақстанның туристік Қауымдастығы» мұрындық болған шарада эко және агротуризмді дамыту төңірегіндегі түйткілдер талқыланды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аудандық мәдениет үйінде өткен жиынға өңірдегі туристерге қызмет ұсынуды жолға қойған 20 кәсіпкер қатысты. Оларға Германияның ауылдық туризм бойынша оқыту турының қатысушысы, «Travelife» еуропалық тұрақты даму туризм желісінің мүшесі Ксения Шевцова және Қазақстан туристік қауымдастығының экотуризм ақпараттық ресурстық орталығының үйлестірушісі, Орталық Азия өңірлерінде ауыл туризмін дамыту жөніндегі ЕО жобасының менеджері, ауыл туризмінің әдіснамасы бойынша жаттықтырушы Алина Даулетбакова дәріс оқыды. Сондай-ақ дәріскерлер кәсіпкерлерге экотуристерді қабылдау мен қонақжайлар ашудың маңыздылығы және қонақ-үй қызметінің табыстылығын арттыруды құпиясымен бөлісті.

Семинарда, туристерг жоғары дәрежеде қызмет көрсетудің заманауи үлгілері, тамақтандыру және ас мәзірін әзірлеу ерекшеліктері сынды басты мәселелер қамтылды. Өз кезегінде бұл мәселелер қонақ үй бизнесін табысты етудің алғышарты саналады.

Жиын барысында кәсіпкерлерді облыс әкімдігінің туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова Жуалы ауданында қолға алынған «Қаралма тау-шаңғы базасымен» таныстырды. Жылына 40 мыңнан аса туристі қабылдауға қауқарлы жоба өңір туризімін дамытуда баламасы жоқ бастама саналды. Сондықтан кешен аумағында туристер талғамына сай сапалы қызмет көрсету орындарын ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. Демек бұл іске өңір кәсіпкерлерінің де тартылғаны жөн. Сол себептен де облыс әкімдігінің туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова жиынғақатысқан кәсіпкерлерді «Қаралма тау-шаңғы базасын» қызмет көрсету орындарын ашуға шақырды.

Жалпы Жуалы ауданында экологиялық туризмді дамытудың барлық мүмкіндіктері бар. Жазға дейін басынан басынан қар кетпейтін асқар тау бөктерімен жанға жайлы климат бүгінгі туризм нарығының негізгі нысаны айналғалы тұр. Тек бұл істе туристерге қызмет көрсету саласын оңтайлы ұйымдастыра білу қажет-ақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір