• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 07:07:06
Алматы
+35°

От жауынгерлерінің шақыру орнына бару кезінде әрбір минут қымбат. Өрт сөндіру автокөліктері және арнайы көліктер шақыруға бару кезінде әлі де жолдағы кедергілермен кездесуде.Көбінесе автожүргізушілер жарқылды және дыбыстық белгілері бар автокөліктерге мән бермей, жолда жүру ережелерін сақтамайды. Мұндай сипаттағы жағдайлардың алдын үшін облыс орталығында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметі мен Полиция департаменті бірлесе отырып «Маячок» тақырыбында рейд ұйымдастырды. Рейдте Тараз қаласы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің Жылдам әрекет ету автомобилі,Тараз қаласының жергілікті полиция қызметінің экипаждары және жедел жәрдем көрсету қызметі де қатысты.

Аталған рейдті өткізудегі негізгі мақсат – қоғам назарын өрт сөндіру автокөліктерінің шақырту орнына кедергісіз жету мәселесіне аудару болып табылады. Тараз қаласының өрт сөндірушілері автокөлік иелерінің жарқылды және дыбыстық белгілері бар өрт сөндіру автокөліктеріне құрметпен қарап, жол беру ережелеріне дағдыланатындығына сенімді.

Жалпы мұндай сипаттағы рейдтердің жиі өткізіліп отырса жүргізушілер де өрт сөндірушілерге және өз ге шұғыл қызметтерге әрдайым жол беріп, жолда жүру ережелерінің талаптарын қатаң сақтап, өзгенің қайғысына өздерінің кішкене де болса қол ұшын берер еді. Иә, өрт сөндіру автокөлігі егер төтенше жағдай аумағына немесе өрт оқиғасына кедергісіз жеткенде құтқарылғандар саны да едәуір артан болар еді-ау деп ой түюге болады

Тараз қаласының өрт сөндірушілері автокөлік иелерінің жарқылды және дыбыстық белгілері бар өрт сөндіру автокөліктеріне құрметпен қарап, жол беру ережелеріне дағдыланатындығына сенімді.

Айта кетейік, аталған рейдтік шара Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің және облыстық Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевтің тапсырмасымен облыс аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерінің алдын алу мақсатында қолға алынған. Оның аясында ҚР ӘҚБтК-нің 598-бабының 1-бөлімі бойынша яғни арнайы жарық және дыбыс сигналдары қосылған жедел және арнайы қызметтердің көлік құралының жүруіне басымдық бермегені үшін бірқатар жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір