• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:05:13
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы бекіткен кестеге сәйкес, Тараз қаласы Полиция басқармасының бастығы Ардақ Мадимаров ағымдағы жылдың сегіз айының жұмыс қорытындысы бойынша облыс орталығының полиция бөліністерінің барлық басшылары қатысқан халықпен кезекті кездесуін өткізді.

Есеп беру жиыны барысында полиция полковнигі А. Мадимаров өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қылмыстардың жалпы саны 14%-ға, оның ішінде аса ауыр қылмыстар - 6,9%-ға, ауырлығы орташа қылмыстар-22,9%-ға және онша ауыр емес қылмыстар - 9,9%-ға, сондай-ақ 40%-ға кісі өлтіру, 23,1% -ға тонау, бұзақылық деректерінің саны 18,6%-ға төмендегенін, сонымен қатар қарақшылық шабуыл жасағаны үшін екі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталғанын айтты.

2019-2020 жылдарға арналған ұрлыққа қарсы әрекет ету бойынша ведомстволық бағдарламаны орындау шеңберінде ұрлық деректері санын 21,1%-ға азайтуға қол жеткізілді. 35-тен астам ұрлық оқиғасын жасаған алты қылмыстық топ құрықталды.

Соңғы уақытта автокөліктерден аккумуляторларды ұрлауға тиімді тосқауыл қойылуда, аталған құқық бұзушылықтар бойынша 45 адам анықталды. Ұялы телефондарды ұрлау мен қалта ұрлығын жасағаны үшін тек облыс орталығында 160-тан астам адам ұсталды. Сондай-ақ, мал ұрлығының тоғыз дерегі анықталып ашылды, оның ішінде біреуі - ауыр санаттағы қылмыс.

Мұндай көрсеткіштерге кешенді жедел-профилактикалық, оның ішінде «Участок», «Құқықтық тәртіп», «Есепке алу», «Жасөспірім», «Отбасы және мектеп», «Қауіпсіз жол», «Тұрмыс» және т.б. іс-шаралар нәтижесінде қол жеткізілді.

Кездесу барысында тараздықтар тарапынан көтерілген мәселелер аз болған жоқ, бірақ көбіне олар жергілікті атқарушы органдардың жұмысына қатысты болды. Яғни көшелер мен аулаларды жарықтандыру, жолдарды сапалы жөндеу және т.б. Мәселен, «Мыңбұлақ» шағын ауданының тұрғыны Людмила Севрюкова №21 үйдің жанына және жақын маңдағы балабақшаға баратын көшеге жарық пен жол кедергісін (лежачий полицейский) орнатуды сұрады. Ол мұнда қозғалыс қарқыны жоғары, сондай-ақ кейбір жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін сақтамайды. Бұл жерде қайғылы оқиғалар орын алуы мүмкін деп өз алаңдаушылығын білдірді.

Осыған ұқсас өтінішпен №40 орта мектептің жанында көлік қозғалысын шектеу туралы «Талас» шағын ауданының тұрғыны Роман Алиев мәлімдеме жасады.

Хадиша Оспанова Достоевский көшесі тұрғындарының атынан осы көше бойынша жол қозғалысын бір жақты жасауды, себебі бұл жолдың өте тар екендігін айтып, өтініш білдірді.

Валентина Видская басқа мәселе бойынша шағымданды: ол Жұбанышев көшесіндегі көп пәтерлі үйде тұрады, ал аулада жақын маңда

орналасқан Политехникалық колледжінің студенттері жиі жиналып, спирттік ішімдіктер ішіп, шулайтынына шағымданды.

Барлық айтылған ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, кейбіреулеріне қатысты басқарма бастығы жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді. Кез-келген жағдайда, бірде-бір өтініш құқықтық тәртіп сақшыларының назарынан тыс қалмайды.

Тараз қаласы ПБ басқармасының басшылығы облыс орталығының тұрғындарымен осындай кездесулерді тоқсан сайын өткізеді. Сонымен қатар, басқарма бастығы Ардақ Мадимаров облыс орталығының тұрғындарына кез-келген уақытта қоңырау шалуға болатынын айтып өзінің ұялы телефон нөмірін ұсынды. Сондай-ақ ол азаматтарды жеке мәселелері бойынша әркез қабылдауға дайын екендігін білдірді. Осындай ашықтық тараздықтардың шынайы ризашылығын тудырып, қалалық полиция басқармасының басшысына алғыстарын айтты. Қатысушылар полиция шын мәнінде халыққа жақын, осылай болуы керек, ердің сөзі екі болмас деп тарқасты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір