• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 14:25:09
Алматы
+35°

Әлеуметтік желіде Мұхтар Жәкішевтің қызы Әйгерімнің осыдан жеті жыл бұрын жазған хаты пайда болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Хаттың толық мәтінін журналист Белла Орынбетова өзінің фейсбук парақшасына жариялады.

"Өкінішке қарай әкемді сирек көремін, әдетте жылына екі рет. Кейде бұйырып одан жиі көріп қаламын. Үнемі жаңа жылда және әкемнің туған күнінде барамыз. Әкеммен өткен әрбір сағат дәл кеше ғана болғандай есімде. Біздің кездесуімізді бейнежазба сияқты көз алдымда күнде айналдырып отырамын.

Соңғы рет 2012 жылы 3 қаңтарда көрдім. Мен үшің ең ауыр минуттар - есік ашылып ар жағында әкем тұрғанын күту. Әр кез ішімде қуаныш буырқанып, жүзімде шат күлкі, күту бөлмесінде әрі-бері жүріп тағат таппаймын... Алғаш рет көргенде абдырап қалдым... Алдымда інім тұрғандай, тек шашы сирек... жүдеп 10 кг арықтапты. Әкем қалжыңдап "СИЗО арықтаудың ең жақсы бағдарламасы, оның үстіне мемлекет есебінен" деп қояды.

Кездесуде бәріміз аузымыз жабылмай сөйлейміз, әкем қуанып бәрімізді үнсіз тыңдайды. Әкемнің арық қолдары дірілдеп, қысымнан маңдайы ысып тұратынын шешем екеуміз ғана байқаймыз. Әкем денсаулығының нашарлағанын ешқашан сездірген емес: әрқашан көңілді нәрселер айтып күлімсіреп отырады. Ол ешқандай көңілді дүние бола алмайтын жердің өзінен қалжың айтып отырады. "Мені еңбек сіңірген демалысқа жіберді. Ұзаақ демалысқа. Күшті ғой: жұмыс істемейсің, жатасың, кітап оқисың, тамақ ішесің. Мұнда курорт, тек теңіз жетіспейді!"

Соңғы кездесуімізде темекіні тастауға уәде берген еді. Мен әкеме сенемін, бірақ оған қаншалық қиын болатынын да білемін!

Әкеммен өткен сағат лезде өте шығады, кететін уақыт тақағанда әр сәтті, әр детальді жадымда сақтап қалуға тырысамын. Қоштасу өте қиын. Бірақ біз күлімдеп қоштасамыз. "Ештеңе епейді, бұл қиындықтан да өтеміз!- дейді ол - Шындық біздің жағымызда!. Оны көретін сәт жақын деп үміттенемін...", - делінген хатта. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір