• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:24:43
Алматы
+35°

10 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар

Astana Hub IT-стартаптарды дамыту бағдарламасына қатысушыларды қабылдайды

Astana Hub баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы уақытқа дейін 78 стартап акселераттау бағдарламасынан өткен.

Astana Hub халықаралық технопаркі IT-стартаптарды дамыту үшін Қазақстандағы жалғыз акселераттау бағдарламасына қатысуға өтінімдердерді қабылдау басталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Акселераттау бағдарламасының негізгі мақсаты - стартап иелеріне өз бизнестерін кеңейтуге, жобаны дамытуға инвестиция мен клиенттер тартуға көмектесу. Бағдарлама барысында әр жобаға жеке трекер тағайындалады, ол стартапқа гипотезаларды қалыптастыруға, іс-шаралар жоспарын жасауға және компанияның бизнес-процестерін құруға көмектеседі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағдарлама бастау алысымен, стартаптар үшін кәсіби сарапшылар әр жобадағы бизнес-идеяның өміршеңдігіне, оның технологиялық, экономикалық және маркетингтік негізіне диагностика жасайды. Бағдарлама 3 ай бойы жұмыс істейді.

Astana Hub баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы уақытқа дейін 78 стартап акселераттау бағдарламасынан өткен. Ал стартаптар тартқан инвестиция көлемі 1 миллиардтан астам теңгені құрайды.

Осылайша, акселераттау бағдарламасының тек төртінші легіне қатысушылар 47 миллион теңгеден астам инвестиция тартып, 149 жұмыс орны ашылды. Бағдарламаға қатысу үшін http://astanahubstartups.tilda.ws/accelerator сайтында өтініш қалдыру қажет. Әрбір лекке стартаптаррдың шектеулі саны қабылданады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір