• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:27:03
Алматы
+35°

Қазақстан мәжілісінің депутаты Владимир Божко "халық мемлекетке тізерлеп, алғыс айту керек" деген сөзі жайлы пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттықтың дерегін негізге алып.

Мәжіліс отырысынан шыққан Божко "Ешкімді ренжіткім келген жоқ. бірақ масылдыққа қарсымын. Осыны айтқым келген" деді.

Депутат журналистің "желіде Божко мырза айтқан сөзі үшін халықтан кешірім сұрауы керек деген пікір айтылып жатыр. Бұған не дейсіз?" деген сауалына ол "тағы қайталап айтамын, масылдыққа қарсымын. Сондықтан солай айттым" деді.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко 3 қыркүйекте Қазақстан халықтары ассамблеясының отырысынан кейін жергілікті Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында "Биліктің не істеп жатқанын көріп, түсіну керек. Үш жылдың ішінде әлеуметтік көмек 17 есе өскен. Осыдан-ақ түсінуге болады. Осы үшін мемлекетке тізерлеп, алғыс айту керек. Адам жұмыс істемейді, кейін "бұған бәрін бер" деп шыға келеді. Ондай адамды "стойлоға" (мал қорадағы орын - ред.) қоятын қоғам пікірі болу керек" деген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір