• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:53:22
Алматы
+35°

Нұрғали Нүсіпжанов Жаркент қаласындағы шипажайда жеке концертін өткізді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ал концертті өзінің жары Жадыра Сейдеш жүргізді. 

«Армысыздар, ардақты ағайын! Шипажайда біз концерт береміз деп жоспарлаған жоқпыз. Әсіресе менің жүргізуім аяқ астынан болып тұр. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін! Алып жатқан емдеріңіз күш-қуат беріп, аман-есен оралуды жазсын. Бала-шағаларыңызбен қауышуларыңызға тілектеспіз. Қасиетті жер жәннаты Жетісуға Нұрғали Нүсіпжановтың келуі бірінші рет емес. Бұл кісі осы өңірден түлеп ұшқан. Сондықтан Нұрғали Нүсіпжанов ағамызды шақыруға рұқсат етіңіздер», - деді Жадыра Сейдеш.

«Мақтауын да жеткізді енді. Сондықтан сіздермен амандасып, бастап кете берсем болады», - деді Нұрғали Нүсіпжанов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір