• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:01:58
Алматы
+35°

Ұлы  Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында Семейде Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға шақырылған жерлестеріміз туралы деректерді жинауға арналған "Әкелер даңқы жолымен" атты қалалық әскери-патриоттық акция басталды. 1941-1945 жылдардағы шақырылушылар туралы ақпаратты жинақтау 2020 жылдың 9 қыркүйек пен 9 мамыр аралығында жүргізілетін болады, – деп хабарлайды ШҚО ақпарат орталығы.

Бүгінде қалада сол жылдардағы шақырылушылар туралы ақпаратты қамтитын 15 естелік мұра кітабы бар. Онда сарбаздардың 35 мыңға жуық есімі, олардың тұрғылықты жері мен қызметі туралы деректер жазылған. Бүгін қорғаныс басқармасы қалалық әкімдікпен бірлесіп, бұл кітаптарды Семей оқу орындарына электронды нұсқаға көшіру мақсатында тапсырды. Шешім кездейсоқ қабылданған жоқ, өйткені кітап беттері ұзақ жылдар бойы толығып, мәліметтерді одан әрі сақтау үшін цифрлау қажет.

– Семей қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы 1941-1945 жылдар аралығында майданға шақырылғандарды есепке алу жүргізілген мұрағат кітаптарын оқу орындарына тапсырады. Осы кітаптардың электрондық нұсқалары жасалады. Акцияға мектептер мен колледждердің АӘД оқытушылары, ардагерлер мен офицерлер тартылды, – дейді "Шығыс" әскери қолбасшылығының баспасөз қызметінің басшысы, капитан Исламбек Қалдыбеков.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір