10 Қыркүйек, 2019 NEWS
Мұхтар Жәкішевті мерзімінен бұрын бостандыққа шығару жөніндегі апелляциялық сот отырысы аяқталды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Судья Мұхтар Жәкішевті мерзімінен бұрын босатудан бас тартты.
Өскемен қаласында сот отырысы Мұхтар Жәкішевтің қатысуынсыз өтті. Адвокат Мұхтар Жәкішевтің үшінші топтағы мүгедек екенін және Қазақстанның экономикасын дамытуға зор үлес қосқанын айтты.
Судьяның үкімімен келіспеген белсенділер өз наразылықтарын білдіріп жатты. Бірі "5 сағат бойы қойылым қойдыңдар" деп айыптаса, жасы үлкендер көздеріне жас алып, судьяны қарғады.
Еске сала кетсек, Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда ұсталған соң сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталып, 14 жылға сотталған. Ол жазасын өтеуге алдымен Алматы облысындағы Заречный кентіндегі түрмеге жіберілген, кейін Қарағанды облысының Долинка кентіндегі қатаң режимдегі АК-159/6 колониясында болды. 2015 жылы туыстары, адвокаты мен құқық қорғаушылардың өтінішінің арқасында ол Долинкадан қайта Заречныйға жіберілген. Бірақ 2017 жылы ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевтың ісіне қатысты тергеу ісіне қатысу үшін Астана қаласының изоляторына этаппен жіберілген. Тергеу ісі аяқталған соң мамыр айында Долинкаға, ал шілде айынан бері Семей қаласындағы қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатыр.
«Қазатомпромның» экс-басшысының адвокаты Нұрлан Бейсекеев соңғы медициналық тексерілуден соң оның бас ми жүйесінде ақау бар екені анықталғанын айтқан болатын. Кейін былтырғы жылдың 17 шілдесінде Жәкішовті Қарағанды облысындағы колониядан ШҚО-облысы Семей қаласындағы қатаң режимді колонияға ауыстырды. Осының себебінен Мұхтар Жәкішевтің денсаулығы тағы да нашарлай түсті.
Ал жазда оның жағдайы мүлдем асқына бастады. Жәкішев үшінші топтағы мүгедек қатарына қосылып, жұмыс жасау қабілетінің 50 пайызынан айырылды. Сонымен бірге Мұхтар Жәкішевтің жоғары қан қысымның кесірінен көздің ішкі тор қабығы жарылып кеткен. Күз мезгілінде Қарағанды қаласында Жәкішевтің көзіне операция жасалды.
Бұл аз болғандай, қыркүйек айында Мұхтар Жәкішевтің анасы қатты сырқаттанып қалды. Жәкішев хәл үстінде жатқан науқас анасымен кездесуіне рұқсат беруін сұрап, өтініш жазды. Алайда 18 қыркүйекте Мұхтар Жәкішевтің анасы қайтыс болды. Кейін қаралы хабарды естіген Мұхтар Жәкішев анасын соңғы сапарға шығарып салуды сұрап, өтініш жазды. Бірақ оған мұндай мүмкіндік берілмеді.
Биылғы жылы 24 шілдеде Семей қалалық соты мерзімінен босап шығуын сұраған өтінішін қанағаттандырмай тастаған болатын. Одан кейін облыстық сотқа шағымданғандардың арызы бойынша қаралатын істің алғашқы белгіленген уақыты өзгеріп, қыркүйектің 10 күні сағат 16.00 ауыстырылған
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір