• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:42:42
Алматы
+35°

Ақтауда 2000 адамға арналған драма театр бой көтереді.

Әбіш Кекілбайұлы атындағы облыстық өлкетану музейінің жаңа ғимараты салынып жатқаны белгілі. Қарсы бетінде Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық кітапхана бой көтергелі жатыр. Екі ғимараттың ортасынан біздің театрдың жаңа ғимараты да салынғалы жатыр. Қазіргі уақытты жобасы жасақталуда. Онда 2000 орындық театр-концерт залы және 320 орындық театр залы болады.  Тек қана сахна емес, көрермендердің қатысуымен ойнайтын спектакльдер қазір дүние жүзінде бар. Бізде де ондай спектальдер қойылды. Десе де көрермендердің қатысуымен өтетін 120 адамға шақталған зал да болады. Бүгінгі емес, ертеңгі көрермендерді қанағаттандыратын үлкен ғимарат болады. Сондай-ақ тек музей, кітапхана, сахна емес барлық қала тұрғындары демалатын үлкен демалыс орнына айналады деп ойлаймын»,- деді Маңғыстау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Нұрнияз Мұханұлы.

Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған мерекелік шараның ашылу салтанаты 11 қазан Амфитеатр сахнасында болады. Оны фестивалге қатысушылар, қонақтармен бірге бүкіл  ынталы қала, облыс жұртшылығы келіп тамашалай алады.

555555

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір