• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:41:33
Алматы
+35°

Көпшілік күткендей 10 қыркүйек күні Apple iPhone смартфондарын таныстырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, күні кеше АҚШ-тың Купертино қаласындағы Стив Джобстың театрында iPhone 11, iPhone 11 Pro мен iPhone 11 Max смортфондарының таныстырылымы болып өтті.

Apple iPhone 11 iPhone XR-дің екінші ұрпағындай. Оның ең басты ерекшелігі - құрылғының артқы бөлігіндегі әйнек астында жарқылдақпен бірге жасырылған екі камерасында.

Жаңа iPhone 11 қандай?

iPhone 11 бірден алты түсті болады: қара, сары, қызыл, ақшыл жасыл, ақ, ашық күлгін.  Оны қалай атайтыны әлі белгісіз. Бірақ "күлгін маржан" деп атауы да ықтимал. Ол туралы смартфон сатылымға шыққан соң белгілі болады.  

iPhone 11

iPhone 11  және 11 ProMax камерасы туралы айтсақ

Бұл - Apple желісіндегі артқы бөлігінде үш камерасы бар алғашқы смартфондар. iPhone 11 6,1 дюймдегі Liquid Retina дисплейі орнатылған. Артқы панельде - 12 мегапиксельден тұратын екі камерасы бар. Камералар тіпті қараңғыда да суреттті керемет түсіреді. Алдыңғы камераның да мүмкіндігі 12 мегапиксельді құрайды. Әр объективтің өзіндік функциясы бар.  Жаңа iPhone камерасында фото түсіру үшін арнайы нейрожелілер жұмыс істейді. Смартфон бір суретті түсіру үшін тоғыз түрлі кадр жасайды, төртеуі - түймені басқанға дейін. Қорытынды суретте ең көп бөлшектерді сақтау үшін бірыңғай суретті жинап, бір сурет етіп шығарады.

iPhone 11

Apple iPhone 11-де портреттік режим әрекетін кеңейткен. Енді ол тек адамдарға ғана емес, жануарларға да жұмыс істейді. Сонымен қатар, камераның түнгі режим, жақсарған оптикалық тұрақтылығы мен камераның пысықталған алгоритмі іске қосылған. Смартфон 60 fps-те 4K түсіреді әрі видео үшін үлкейтілген динамикалық диапазонға ие. Бейнежазбаны кадр бойынша көруге болады. Apple-діктердің сөзіне сенсек, смартфондардың ішіндегі ең сапалы видеоны iPhone 11 түсіреді.  

Смартфон процессоры - А13 Bionic - құрастырушылардың айтуынша, бұл нарықтағы ең жылдам процессор. Барлық ядроның жылдамдығы шамамен 20 пайызға артқан, нейрожелілермен жұмыс істеу үшін арнайы блок қосылған дейді.

IPhone 11 бағасы

АҚШ-та смартфон 699 доллардан басталады. Бұл  iPhone XR-мен салыстырғанда арзан. Ол АҚШ-та 749 доллардан жоғары болған. ҚҚС қосқанда Ресейде iPhone 11 шамамен, 56 990 рубльден басталады. Apple-дің Ресейдегі заңды өкілдерінің мәлімдемесін күтуге тура келеді.   

iPhone 11

11 Pro және 11 Pro Max төрт түспен шығады: қара-жасыл, күміс, алтын және "сұр ғарыш". Жады - 64 ГБ, 256 ГБ және 512 ГБ болады. IPhone 11 Pro бағасы - 999 доллардан басталады. 11 Pro Max - 1099 доллар.

Жаңа iPhone XR модельдері нарыққа шығумен iPhone 8 екі үлгісімен бірге сатылымда қалады, ал XS сериясы модельдік қатардан жойылады.

Ал сатылымға келсек, жаңа смартфондарды бүкіл әлем бойынша 20 қыркүйектен бастап сата бастайды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір