• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:53:33
Алматы
+35°

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаев жыл басынан бері қарай ауданда 1248 пәтерлі 11 көпқабатты үйлердің іске қосылғандығын хабарлады. Олардың жалпы көлемі – 77,8 мың шаршы метр.

Оның мәліметі бойынша, жыл соңына дейін 2724 пәтерлі 43 көпқабатты үйлерді пайдалануға беру жоспарланған. Олардың жалпы көлемі – 205 мың шаршы метр. 864 пәтерлі 9 үй енетін «Алатау сити» тұрғын кешенінің, 1120 пәтерлі 11 үй енетін «Алмалы» және 740 пәтерлі 23 үй енетін «Алғабас» тұрғын кешендерінің құрылыстары жүруде.

Бұлардан өзге, 2016-2018 жылдары ауданда 43 аулаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы 10 аула күрделі жөнделеді, келер жылдары 53 аула жөнделетін болады.

Биылғы жылы 20 көпқабатты үйлерді жөндеу жоспарланған. Осыған орай, «Тұрғын үй» ЖШС және ПИК төрағаларымен, басқарушы компаниялармен тұрғындардың кездесулері өтті, нәтижесінде 32 үйлер тұрғындары модернизациялау бағдарламасына қатысуға ниет білдірді. Олардың ішінде екі үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды.

almaty.gov.kz

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір