• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Қыркүйек, 01:57:49
Ауыл шаруашылығы министрлігінің назарына! «Жем шөптің бағасы күйіп тұр, қамшыңа жазшы», – дейді әкем

10 Қыркүйек, 2019 Аймақтар

Жамбылдық ТЖД қызметкерлері Арыстағы еңбегі үшін марапатталды

Ағымдағы жылғы 24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласаныдағы №44856 әскери бөлімінде оқ-дәрі қоймаларында қарқымды жарылыстан туындғана төтенше жағдай баршамызға белгілі. Осындай қайғылы жағдайда қалған отандастарымызға бүкіл қазақстандықтар бар көмегін көрсетті. Сондай-ақ жамбылдықтар да шет қалмай, осы төтенше жағдайды жою үшін біраз жұмыс атқарды.

Осылайша Арыс қаласындағы жағдай туралы хабар түскеннен кейін, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің күштер мен құралдары, кез келген минутта Түркістан облысына көмекке келу үшін күшейтілген кезекшілікке өткен болатын.

Бірінші түскен бұйрық бойынша,Жамбыл облысының азаматтық қорғау қызметкерлері Арыс қаласына жөнелді. Осылайша Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының арасында Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Мансур Шайкрамов, Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы бастығының орынбасары Нұрмахан Жапашев, кезекші өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшілері, азаматтық қорғау подполковниктері Талас Назаров, Бейбіт Арықбаев және Айдос Қасқаев төтенше жағдай орын алған жерге барып, шатырлы қалашықтағы жұмысты ұйымдастырып және жүргізіп, соңдай-ақ автономды авариялық электрмен қамтыды.Сонымен қатар, жоғарыда аталған қызметкерлер ТЖ орнында Жамбыл облысы әкімдігінің секторындағы жедел штабтың жұмысына белсенді қатысты.

Жамбыл облысы ТЖД Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының инженерлік-инспекторлық құрамы атынан, азаматтық қорғау аға лейтенанты Алиасқар Айтжанов оқиған орын алған мекенжайда күнделікті үгіт-насихат жұмыстарын бекітілген секторда жүргізді. Шара барысында, А. Айтжанов тұрғындар мен құрылысшылар арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулық жүргізді.

Осыған орай 2019 жылғы 10 қыркүйекте жоғарыда аталған оқиға орнында белсенді түрде жұмыс атқарған қызметкерлер Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов алғыс хаттарымен марапатталды.

Айта кетейік, Арыс қаласындағы Жамбыл облысының штабына қарасты 3-секторға 11 көше бекітілген болатын. Онда 312 жеке тұрғын үйлермен бірге 14 әлеуметтік және коммерциялық нысан бары анықталған. Нәтижесінде қираған 4 үйдің екеуі басынан бой көтеріп, екеуі толық жаңғыртылды. Қалған 309 үйге әртүрлі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтірілді. Бұл жұмыстарға 4 мердігер компания, 500-ден аса құрылысшы тартылды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір