• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:36:40
Алматы
+35°

Ақмола облысында азаматтық қорғау қызметкерлері арасында республикалық «Полиглот» байқауы өткізілді. Аталған байқауға Жамбыл облысының атынан Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің Шу ауданы, Шу қаласы №5 Өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Нәдірбек Есенаман қатысты.

Есенаман өзін республикалық және облыстық байқауларда өте сауатты және білімді қызметкер ретінде көрсетті. Байқау көрермендері оның патриоттық сезіммен шығарма оқу кезінде әрбір сөзін аса назармен тыңдап, таң қалғаны осының дәлелі болса керек.

Аталған республикалық байқау Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ Қазақстан халқы тілдері күніне орай өтті. Іс-шараның мақсаты – үш тілді білетін қызметкерлерге қолдау көрсету, Ішкі істер органдарында тіл саясатын насихаттау, қызметкерлерді Отанға деген патриоттық рухта тәрбиелеу болды.

Шара барысында қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жақсы меңгергендігін көрсетіп, әртүрлі төтенше жағдайларда тіл білуін қалай пайдалану керектігін айтып, жазбаша және ауызша емтихан тапсырды.

Республикалық байқау бес кезеңнен тұрды: таныстыру, үш тілде терминдердің мағынасын ашу, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, тұрмысы мен мәдениеті туралы сұрақтарға жауап беру, табиғи және техногендік ТЖ туралы жағдайды бағалау және сипаттау, сондай-ақ кириллицада экранда берілген сөздерді латын графикасына жазу.

Республикалық байқау кезінде Есенаман өзің жақсы жағынан көрсете отырып, белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Есенаман Нәдірбек Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған эстафетаны шілде айында от жауынгерлердің ішінен ең бірінші болып қолдаған болатын. Есенаманның мәнерлеп оқу видеосы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Instagram желісіндегі парақшасында жарияланып, көптеген оң пікірлер жинады.

Өз кезегінде Есенаман мамандығымен бірге шығармашылықты да бірге алып, өзін барлық бағытта дамытуға тырысып жүр. Ол Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің жас қызметкерлер арасында белсенділердің бірі болып, түрлі іс-шараларға белсенді қатысады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір