• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:38:36
Алматы
+35°

Қанат Төсекбаев Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті, – деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы басқарманың фейсбуктағы парақшасында хабарланды.

Қанат Төсекбаев қалалық денсаулық басқармасының басшылығына 2018 жылы келген. Оның басшылығы тұсында денсаулық сақтау саласында көптеген жобалар енгізілді. Ол жобалар медициналық мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, маңызды мәселелердің шешімін табуда қоғамдық пікірді жұмылдыруға бағытталды.

Солардың бірі ретінде 2019 жылдан бастап денсаулық сақтау басқармасы профилактикалық жұмыстарды күшейту мақсатында қоғамдық денсаулық басқармасы болып өзгертілгенін айтуға болады. Соның аясында поликлиникаларда инфекциялық және инфекциялық емес сырқаттар профилактикасына бағытталған мектептерді дамыту қызметін кеңейту көзделген.

Бүгінде өскелең ұрпақты өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйрететін жастар орталығы белсенді жұмыс істеуде. Осы орайда мемлекеттік медициналық мекемелерде корпоративтік менеджментті енгізу маңызды қадамдардың бірі болып саналады. Ол үшін тәуелсіз сарапшылардан тұратын жаңа бақылау кеңестері жұмыс істеуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір