• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:43:45
Алматы
+35°

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Қыз балалар арасында инабаттылық пен тән салауаттылығын қалыптастыру» тақырыбындағы әлеуметтік жоба аясында «Асыл Арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігі Жамбыл, Меркі аудандары мен Тараз қаласында «Ерте некенің ертеңі күмәнді» атты кездесу ұйымдастырды.

– Қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда, қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, қыз баланы ардақтап ұстап, көңілін қалдырмастан, оған қарсы сөйлемей, мәпелеп өсірумен қатар қатал ұстап, дұрыс тәрбие алуына ерекше көңіл бөліп отырғаны белгілі. Қашанда «қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың,нәзіктіктің, сыпайылықтың белгісі деп таныған.

Қазіргі күні тәрбиені ата-анасынан емес, теледидар, компьютерден алып келе жатқан жастар буыны қалыптасуы осы қасиеттердің сақталмауына бірден-бір себеп. Нарықтық заман келгелі кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқтың қасы десек болады. Осыдан барып қыз бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қалады. Ұлы даланың дана қыздарының қолында кемел келешек пен жарқын болашақ тұр десек, олардың өз халқын сүйе білуі, бойында ұлттық рух пен намыс болуы ертеңгі күнге деген сенім туғызады. Жас қыздарымыз – талшыбық сияқты. Оны аялап-мәпелесең, бәйтерек болып өсері анық. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана,ол анаға қарап өсіп, бой түзейтіндіктен отбасы тәрбиесі дұрыс болса, қыздарымыздың да адаспасы хақ, – дейді кездесулердің ұйымдастырушысы, «Асыл Арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ринат Нұрақбаев.

Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру, қоғам жауапты болып отыр. Қыздарымыз саналы да тәрбиелі болып өссе, терең білім алса, жоғарыда айтылған өрелі міндет биігінен көрінері сөзсіз.Сол себепті ұлттың ұяты, халықтың шырайы болған әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсек, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір