• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:44:02
Алматы
+35°

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқрамасымен бірлесіп облыс аумағындағы жол жөндеу мәселелері жөнінде жиын өткізді.

Жиынға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы мен жауапты мамандары, Жамбыл облысы бойынша жол активтері сапасының ұлттық орталығы, мердігер компаниялар, арнайы мониторингтік топ және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Жиын барысында модератор – департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев облыстағы орташа жөндеудің және жол асты жөндеу жұмыстарынан кейінгі жол жабындыларын қалыпқа келтіру сапаларының төменгі деңгейде екендігі айтты.

Жоба жетекшісі Қайрат Меклисов баяндамасында Тараз қаласындағы соғылып жатқан жолдардың сапасы, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етпегені, санитарлық және техникалық нормаларды сақтамағанына тоқталса, қатысушылар тарапынан нысандар бойынша жұмыстарды уақытылы орындамау мәселесі талқыланды. Жамбыл аудандық маңызы бар жолдардың сапасына тоқталып, ондағы кемшіліктер айтылды.

Жауапты мамандар мен мердігер компаниялардың өкілдері жол сапасына қатысты жауап беріп, аяқтау уақыттарын айтты.

Сонымен қатар, кездесуде «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» РМК директорының орынбасары Қ.Мырзаев, тексеру кезінде жол жөндеу негізгі кемшіліктерін атап, технологияның сақталмайтындығына көз бұрды.

Жиынға, жол жөндеуге қатысты уәкілетті орган басшылығы, Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» басшылығы, мердігерлердің өкілдері, Тараз қаласының коммуналдық қызметтерді жүзеге асырып жатқан мекелердің басшылығы қатысты.

Жиын соңында қатысушылар жолдарды жөндеу жұмыстарында басты бағыттарға және ұсыныстарға тоқталды. Атап айтқанда, тапсырыс беруші және мердігер арасындағы жұмыс кестесін Ұлттық жол активтері сапасы орталығымен келісу, жұмыстың әр бір кезеңінде орталық қызметкерлерін қатыстыру, жасырын жұмыстар жүргізу кезіндегі актіге орталық қызметкерлерін қосу және оларға бір данасын ұсыну, тапсырыс беруші және мердігер арасындағы келісім шартқа, міндетті түрде атқарлытын жөндеу жұмыстарын жұмыс кестесіне сәйкес жүргізуді көздеу туралы және ол кестеден ауытқыған немесе сақтамаған жағдайда айыппұл өндіруді қарастыру туралы талаптырды енгізу жайы талқыға салынды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір