• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Қыркүйек, 14:24:58
Алматы облысындағы төтенше жағдай кезінде екі адам қаза тапты

11 Қыркүйек, 2019 NEWS

Алматы тарихына терең бойлай аласыз

15 қыркүйек, Қала күнін мерекелеу аясында түрлі тылсым жұмбақтар мен құпияларға толы аудандар мен көшелерде кең көлемде қалалық ALMAQUEST квест өтеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Almaty.gov.kz сайтының жазуынша, ALMAQUEST – екі кезеңнен тұратын мәдени шараға ниет білдіргендердің барлығының қатысуға мүмкіндіктері бар.

  1. www.almaquest.kz сайтында тіркелу және финалдық ойынға ұпай санын еселеуге үлес қосатын тестілеуден өту (міндетті емес).
  2. Қаланың көшелерімен жаяу немесе велосипед арқылы өтуге болатын квест.

Alma Quest – бұл бір сценарий бойынша біріктірілген тапсырмалар тізбегі бар таңғажайып және көңілді командалық СПОРТ ойыны. Ойынның мәні – қаладағы объектілердің шифрланған орнын мүмкіндігінше жылдам табу, барлық тапсырмаларды дұрыс орындау, ой жүйріктігі мен білімнің арқасында мәреге жету.

Тапсырмаларды орындау үшін қаланың негізгі нысандары, тарихи фактілер, мұндағы адамдар туралы қызықты мәліметтерді пайдалануға болады.

Ойын онлайн режимінде өтеді. Барлық тапсырмалар ұялы телефонға түседі.

Қатысу ережелері, шараның басталуы, аяқталуы және сыйлық қоры мен сыйлықтар туралы www.almaquest.kz сайтынан толық ақпарат алуға болады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір