• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:19:48
Алматы
+35°

Алматы әкімі Б. Сағынтаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуден соң бірқатар мәселелер шешілді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте аудан әкімі Шахмерден Рыспаев хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Мысалы, Нұркент ықшамауданы мен Қожабеков көшесінің бойына жаяу өтпелі жол жасалды, ал ҮАК мен мен Шапағат елді мекеніндегі Жансүгіров көшесінің қиылысына бағдаршам орнатылды, Атлеттер ауылына 2 шектеу белгісі қойылды.

Зерделі ықшам ауданында жауын люктары жабылды, шөптер шабылды, көше жарығы орнатылды, көлік бекеттеріне пандустар жасалып, жылу жүйесінің жұмысы реттелді.

Алғабас елді мекеніндегі қаңғыбас иттерге, Қалампыр көшесіндегі қоқысқа қатысты мәселелер шешілді. Томирис, Дархан, Ұлжан-1, АЗТМ ықшам аудандары мен Стрелец көшесіне су және кәріз желілерін салу жұмыстары аяқталды. Нұркент ықшамауданында жолдар мен тротуарлар қалпына келтірілді.

Жалпы, қала әкімінің тұрғындармен кездесуінде айтылған 161 сұрақтың 36-ы толық шешілді, 82-сі бойынша жұмыстар жасалуда, 26-ы қосымша зерттеуді қажет етеді. 17 сұраққа түсіндірме берілді. Тұрғындардың өтініштері бойынша жұмыстар жалғасуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір