• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 17:17:11
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Байзақ аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Асылхан Заурбеков ауданның Бәйтерек ауылдық округі тұрғындарына есеп берді.

Н.Киікбаев атындағы мектеп - гимназиясында өткен жиынды полиция бөлімі бастығының орынбасары Ғалымжан Оразбеков ашып, күн тәртібіндегі мәселемен таныстырды. Әрмен қарай сөз алған Асылхан Әзімханұлы ішкі істер органдарының міндеті - тәртіп сақшылары мен халық арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру, полиция қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылатындығын жеткізді. Сонымен қатар, баяндамашы аудандағы қылмыстық ахуал және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын-алу бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Полиция бөлімінің материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға нығайып келе жатқандығын, биылғы жылы полиция инспекторлары жаңа көлікпен қамтылғандығын жеткізді. Ағымдағы жылдың сегіз айында орын алған қылмыстық деректерге, атап айтқанда пәтер, мал ұрлығының ашылу деңгейіне, орын алған жол-көлік оқиғаларын тарқатып айтып берді.

Есепті кезеңде жалпы қылмыстық құқықбұзушылық деңгейі 12 пайызға төмендеген. Ауданда 4 қылмыстық топ құрықталып, мал ұрлығы бойынша 8 адамнан тұратын 3 қылмыстық топтың жолы кесілген. Қоғамдық орындарда орын алған келеңсіздіктер бойынша үстіміздегі жылдың сегіз айында 25 құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Асылхан Әзімханұлы қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда орнатылған бейнебақылау камераларының маңызына айрықша тоқталды. Әсіресе, ұсақ бұзақылық, ұрлық фактілерін әшкерелеуде және көше тәртібін нығайтуда бақылау бейнекамераларының көмегі зор екендігін, аудан орталығы мен ауылдық округтерде орнатылған бейнебақылау камералардың арқасында біраз қылмыстар әшкерленген. Аталған камераларды бірыңғай орталықтандырылған жүйеге қосып, полиция бөліміне көшіру жоспарланғандығын жеткізді. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында атқарылып жатқан шаралар мен полиция жұмысын сервистік модельге көшіруге бағытталған тірліктерден ақпарат берді.

Есеп-беру жиынына қатысқан тұрғындар сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, құқық бұзушылық пен тәртіпсіздіктің алдын алу үшін тұрғындардың тәртіп сақшыларымен бірлесіп жұмыс жасаудың маңызы көтеріліп, азаматтар бойында заң бұзылуына төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру жолдары сөз болды.

Тұрғындардың әрбір сауалына Асылхан Әзімханұлы тыңғылықты жауап бере келе, құқық бұзушылыққа төзбеу – бұл қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алудағы және қоғамдық тәртіпті сақтаудағы маңызды қадамдардың бірі екендігін, аза¬маттардың қауіпсіздігі мен тыныш¬ты-ғының қорғаны болу – тәртіп сақшы¬лары үшін бір жағынан абырой болса, екінші жағынан жауапты іс болып табылатындығын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір