• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:22:34
Алматы
+35°

Тараздық өнертапқыш Пернебек Ахметов бесіктің жиналмалы нұсқасын жасап шығаруда. Ол кәсіптің бұл түрімен 7 жылдан бері айналысып келеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында көшпелі қазақ тұрмысының ежелден өркениеттің озық үлгісімен біте қайнасатындығы айтылады. Расында сәбидің таза әрі жылы, қауіпсіз жату үшін бесікке бөлеу дәстүрі бағзы замандағы қазақы тұрмыстың ажырамас бір бөлігі саналады. Күні бүгінге дейін балаға арналған түрлі жөргектер мен ұйықтауына арналған жиһаздар бола тұра баласын бесікке бөлейтіндер баршылық. Әрі тасымалдауға оңай жиналмалы бесіктің өндіріске енгізілуі заман сұранысы деуге саяды.

Шебер Пернебек Қыдырбекұлы 2012 жиналмалы бесік жасауына телеарналардың бірінде көрсетілген бағдарлама түрткі болғанын айтады. Онда мамандарды бесіктің күнделікті қолданыстан шығып бара жатқандығының сан түрлі себебіне үңілген.

–2012 жылы отандық телеарналардың бірінен жүрген «Біз» бағдарламасына кезекті шығарылымында бесік тақырыбы көтерілді. Сонда бір келіншек бесікті алып жүрудің ыңғайсыз екенін айтып мамандарға қарсы пікір білдірді. Әлгі келіншектің осы бірі пікірі санамда үлкен сілкініс жасады. «Қалайда ыңғайлы бесік жасап шығуым керек» деген ой келді. Сөйтіп үш ай бойы күндіз-түні іздендім. Өзге жұмыстарым жайына қалды.

Үш ай өткенде ойымдағы жиналмалы бесікті жасап шықтым. Жұмысыма өзге емес өзім де таңқалдым. Бірақ кішілеу болды. Көргендердің бәрі айран-асыр болып, өз көздеріне өздері сенбеді. Сөйтіп бесікті алып Нұр-Сұлтан қаласына тартып, «Әсем бесік» атауымен патенттеп алдым,–дейді Пернебек Қыдырбекұлы.

Қолөнер шебері заманауи үлгідегі мұндай бір бесікті жасап шығу үшін үш күн қажет екенін айтады. Ал оның қолынан шыққан жиналмалы бесіктің жалпы ұзындығы 83-85 сантиметр. Бесіктің бұл көлемн жинау кезінде бар 11 сантиметрге дейін кішірейтуге болады. Салмағы 7-7,5 келі тартады.

Бүгінде ерекше туынды ел арасында зор сұраныс ие. Тіпті тараздық шебердің ерекше туындысы арқылы Мысыр, Түркия, Қытай, Непал, Германия, Башқұртстан елдері де қазақы бесіктің құдіретін танып жүр екен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір